Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Құттықтаулар

13 қазан 2018

«Үздік психолог - 2018» облыстық психологтар байқауы

  Шығармашылықпен жұмыс жасайтын, озық тәжірибелі  педагог - психологтарды анықтау, озық тәжірибені насихаттау мақсатында 2018 жылғы 9 қазан күні Ақтау қаласы, «Оқушы» орталығының базасында өткізілген «Үздік психолог-2018» облыстық байқауында Ақтау қалалық №13 гимназиясының педагог – психологы Сағындықова Қарлығаш ІІІ категория бойынша (7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар) бойынша бақ сынады.   Байқау ережесіне сәйкес педагог – психологтар «Мен және менің мамандығым», «Психология –...

1 маусым 2018

1 маусым - балаларды қорғау күні

Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! Мектеп оқушыларын бүгінгі мерекелерімен құттықтаймыз! Жас ұрпақ, жас буын, жасөспіріпдеріміз аман болсын!  ...

15 мамыр 2018

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Қызметіңді алаңсыз атқаруда отбасының тыныштығы мен отағасының (отанасы) қолдауы аса қажет. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын, білім саласында еңбек етіп жүрген барлық...

9 мамыр 2018

9 мамыр - Жеңіс күні мерекесі

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 73  жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның арасында жүрген бауырына, әкесіне, ағасына сеп болсын деп, бар күш қайратын жұмсады. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді. Ардагер көрген зұлматты сен көрген жоқсың замандас, сол үшін оны құрметте! Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы...

7 мамыр 2018

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктерін ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер – интернационалисттерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын...

1 мамыр 2018

1 мамыр - Қазақстан халықтары достығының бірлігі күні мерекесі

Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады. Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілейміз ...

29 сәуір 2018

Құттықтаймыз!

"И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта мектебі" КММ-нің директоры Асқар Аққалиұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!  Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, беделді басшы, ақылшы көмекші болып отырсыз. Осы қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, ата жолынан айнымай, жұбайыңызбен бірге балаларыңыздың қызығын көріп, бақыты баянды ғұмыр кешгейсіз!  ...

20 наурыз 2018

Әз - Наурыз!

Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!   ...

7 наурыз 2018

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен білім саласында талмай еңбек етіп жүрген бәрлық нәзік жандарды шын жүректен құттықтаймыз. Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймыз: Гүлдей болсын өміріңіз, Нұрға толсын көңіліңіз. Биік боп жұлдызыңыз Көктемдей құлпырыңыз. Бақыт қонсын...

1 ақпан 2018

Құрметті Ақлима Кеманқызы!

Құрметті Ақлима Кеманқызы!   Сізді 60 жасқа толған мерейлі мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған сізді, көпшілік білім саласының үздік қызметкері, ғұмырын Қазақстан болашағы - жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге арнаған ұлағатты ұстаз ретінде таниды. Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде Қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері