Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Құттықтаулар

0

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген оқушылардың ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани  бірлігін нығайту мақсатында өткізілген «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңіне жолдама алған оқушыларымыз жүлдемен оралды:

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушысы Утебай Алина ІІІ орын;

«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша IT мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Шырдабай Ермұхан ІІ орын;

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша IT мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Сәбитқали Олжас ІІ орын;

«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Тұрлығазы Айсәуле І орын;

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша №13 гимназиясының 10 сынып оқушысы Өтеген Гулнара ІІІ орын;

«Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша №13 гимназиясының 11 сынып оқушысы Қайырбек Аружан ІІ орын.

Жеңімпаз оқушыларымызды жүлделерімен құттықтаймыз.

 





24 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қайырлы күн, әріптестер, бізде жақсы жаңалық бар, «Өркен» мектеп-лицейінің логика пәні мұғалімі Темирова Айман Сейлихановна Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының 3 орын жүлдегері атанды. Маңғыстау обл екі мұғалім 3 орынға ие болып жатыр, бәрімізге ортақ жетістік.  ...

24 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Республикалық мектеп спорт федерациясының уйымдастыруымен, 2024 жылдың 20-24 акпан аралығында Астана қаласында волейболдан мектеп оқушылары арасында Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Манғыстау облысы құрамасы сабындағы ( ұлдар ) командасы жүлделі ll орын...

18 ақпан 2024

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз! Сүйінші! Ақтау қаласы бойынша “N13 гимназиясы”КММ-нің 11”Ә” сынып оқушысы, үздік аттестатқа үміткер Сапар Диляра Шанхайдағы Нью-Йорк университеті - Қытай мен Нью-Йорк университеті арасындағы ынтымақтастықта құрылған алғашқы халықаралық қытай-американ...

10 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беретін мектеп базасында 9-11 сыныптың қыздар арасында облыстық “Шұбар доп” ұлттық лигасында өтті. Ұлттық лигада Ақтау қаласының №21 жалпы білім беретін мектептің қыздар командасы чемпион атанды.   ...

10 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2024 жылдың 6 ақпан күні Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи...

10 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

6-8 ақпан күндері баскетболдан “Алтын доп” мектеп лигасының 9-11(ұлдары) сынып оқушылар арасында облыстық кезеңі Бейнеу аудан орталығында өтті. Тартысты өткен жарыстан Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі командасы І орын иеленді ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ  ...

8 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ІІІ (облыстық) КЕЗЕҢІ ӨТТІ.  Облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша “Ең үздік олимпиадалық команда” І ОРЫН, сертифкат 200 000 тг; “Олимпиаданың жаңа есімдерін дайындаушы үздік мектеп” Н. Марабаев...

25 қазан 2023

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қымбатты ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қымбатты ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданып, ата- бабаларымыздың асыл арманы...

5 қазан 2023

Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді төл мерекеміз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздегі миллиондаған жас өрен өздеріңізден тағылымды тәрбие, өнегелі білім алып, үлкен өмір жолына қадам басады. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, шыдамдылықтарыңыз бен адалдықтарыңыздың...
: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1982782965454124&id=100011673206719

5 қазан 2023

Құрметті ұстаздар, сіздерді ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті ұстаздар, сіздерді ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен...

1 қыркүйек 2023

1 ҚЫРКҮЙЕК- БІЛІМ КҮНІ

1 ҚЫРКҮЙЕК- БІЛІМ КҮНІ Шәкірт пен ұстазға ғана емес, күллі адамзатқа ізгілік сыйлаған Білім мерекесі құтты болсын! Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және жемісті болсын!  ...

1 маусым 2023

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Құрметті оқушылар, ата - аналар! Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Шуақты да жайдарлы жаздың алғашқы күні тойланатын бұл мереке күні бала күлкісіне, қуанышына, жақсылығы мен махаббатына толы...

1 мамыр 2023

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі. Қазақстанның кең шаңырағы астында 150 астам ұлт мекендейтін елімізде бейбіт өмір сүру үшін талап етілетін қағидалар. Осы ұлттардың...

22 наурыз 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын! Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан -...

14 наурыз 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Амал мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Амалды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге –...

7 наурыз 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, тазалықтың қайнары. 8 наурыз — біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы...

16 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және қала тұрғындары! Баршаңызды 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – Қазақстанның әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Елдің ертеңі- ақылды да дарынды, айбынды...

10 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беретін мектептің директоры Досов Асқар Аққалиұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығына сәйкес "Ерен еңбегі үшін"...

25 қазан 2022

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылдың 25 қазанында еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. Бұл Қазақстанның тәуелсіздігіне жасалған алғашқы қадам болды. Биыл мемлекет...

24 қазан 2022

24 қазан - КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ

24 қазан - КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазанындағы N833 қаулысымен " 24 қазан - Кітапханашылар күні" болып белгіленуі барша кітапханашылар үшін үлкен қолдау, шаттықты қуаныш. Кітапханашылар қауымы барлық жұртшылық үшін рухани...

1 қыркүйек 2022

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата аналар!

Баршаңызды 1 қыркүйек білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Білім – адам баласының өмірлік серігі, өз тағдырының тұғыры. Ал ұстаздар – осынау жарқын әлемге жол ашушылар. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін...

23 маусым 2022

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Отанымыздың даму үрдісімен сабақтас әр күндеріңіз қуаныш пен мақтанышқа бөлесін! Сіздерге Қазақстан халқына қызмет ету сияқты мәртебелі істе табыс, жақсылық пен...

1 маусым 2022

Құрметті, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Құрметті, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаздың бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күні – халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде атап өтеді. Адам...

18 сәуір 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 8-10 сынып оқушыларының арасында Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған ғылыми-танымдық облыстық байқауында оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері