Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Құттықтаулар

24 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қайырлы күн, әріптестер, бізде жақсы жаңалық бар, «Өркен» мектеп-лицейінің логика пәні мұғалімі Темирова Айман Сейлихановна Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының 3 орын жүлдегері атанды. Маңғыстау обл екі мұғалім 3 орынға ие болып жатыр, бәрімізге ортақ жетістік.  ...

24 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Республикалық мектеп спорт федерациясының уйымдастыруымен, 2024 жылдың 20-24 акпан аралығында Астана қаласында волейболдан мектеп оқушылары арасында Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Манғыстау облысы құрамасы сабындағы ( ұлдар ) командасы жүлделі ll орын алып, сәуір айында Сербия мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама берілді. Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!  ...

18 ақпан 2024

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз! Сүйінші! Ақтау қаласы бойынша “N13 гимназиясы”КММ-нің 11”Ә” сынып оқушысы, үздік аттестатқа үміткер Сапар Диляра Шанхайдағы Нью-Йорк университеті - Қытай мен Нью-Йорк университеті арасындағы ынтымақтастықта құрылған алғашқы халықаралық қытай-американ университетінің грантын жеңіп алды! Нью-Йорк университеті беделді Times Higher Education University Rankings әлем бойынша 30-шы орынды алған ең мықты университет болып есептеледі. Грант соммасы 208.000 доллар оқу шығынын жабады....

10 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беретін мектеп базасында 9-11 сыныптың қыздар арасында облыстық “Шұбар доп” ұлттық лигасында өтті. Ұлттық лигада Ақтау қаласының №21 жалпы білім беретін мектептің қыздар командасы чемпион атанды.   ...

10 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2024 жылдың 6 ақпан күні Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен куатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дайекті жеткізуге баулу. Қазылар алқасының шешімімен “Жыр...

10 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

6-8 ақпан күндері баскетболдан “Алтын доп” мектеп лигасының 9-11(ұлдары) сынып оқушылар арасында облыстық кезеңі Бейнеу аудан орталығында өтті. Тартысты өткен жарыстан Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі командасы І орын иеленді ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ  ...

8 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ІІІ (облыстық) КЕЗЕҢІ ӨТТІ.  Облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша “Ең үздік олимпиадалық команда” І ОРЫН, сертифкат 200 000 тг; “Олимпиаданың жаңа есімдерін дайындаушы үздік мектеп” Н. Марабаев атындағы № 7 мектеп-лицейі, сертифкат 100 000 тг; “Ең жас қатысушы- 2024” - Маджикова Линара Н. Марабаев атындағы № 7 мектеп-лицейінің 6- сынып оқушысы; “Олимпиада шыңына жетелеуші-2024” жас дарынды тәрбиелегені...

25 қазан 2023

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қымбатты ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қымбатты ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданып, ата- бабаларымыздың асыл арманы орындалды! Өйткені кез-келген ұлт үшін азаматтық, тәуелсіздік, егемендік деген ең қасиетті ұғым саналады. Сол күннен бастап еліміз әлемдік тарих бетінде Тәуелсіз мемлекет ретінде танылды. Бүгінде татулық пен бірлікті ту...

5 қазан 2023

Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді төл мерекеміз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздегі миллиондаған жас өрен өздеріңізден тағылымды тәрбие, өнегелі білім алып, үлкен өмір жолына қадам басады. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, шыдамдылықтарыңыз бен адалдықтарыңыздың арқасында келешек ұрпақтың негізі қалыптасады. Сіздерге зор құрметпен шынайы алғысымды білдіремін. Тұлға дамуының бастауында тұрған, бойындағы білімін балаларға беріп, оларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа, өз Отанына...
: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1982782965454124&id=100011673206719

5 қазан 2023

Құрметті ұстаздар, сіздерді ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті ұстаздар, сіздерді ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді ұрпақ. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын...

1 қыркүйек 2023

1 ҚЫРКҮЙЕК- БІЛІМ КҮНІ

1 ҚЫРКҮЙЕК- БІЛІМ КҮНІ Шәкірт пен ұстазға ғана емес, күллі адамзатқа ізгілік сыйлаған Білім мерекесі құтты болсын! Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және жемісті болсын!  ...

1 маусым 2023

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Құрметті оқушылар, ата - аналар! Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Шуақты да жайдарлы жаздың алғашқы күні тойланатын бұл мереке күні бала күлкісіне, қуанышына, жақсылығы мен махаббатына толы болады. Сіздерге зор денсаулық, таусылмас дария мол бақыт, жақсы демалыс, жаңа жарқын әсерлер мен арман-тілектеріңіздің орындалуын тілеймін. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Ақтау...

1 мамыр 2023

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі. Қазақстанның кең шаңырағы астында 150 астам ұлт мекендейтін елімізде бейбіт өмір сүру үшін талап етілетін қағидалар. Осы ұлттардың әрқайсысы бірегей таптырмас қасиеттерге ие. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осы. Бір шаңыр ақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік...

22 наурыз 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын! Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан - дүниемізді шуаққа бөлейді, ой - ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін. Әр отбасына...

14 наурыз 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Амал мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Амалды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін. Амалдан амалға аман есен жете берейік! Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Тұрғанбаева Бағдат Сырымқызы  ...

7 наурыз 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, тазалықтың қайнары. 8 наурыз — біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен...

16 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және қала тұрғындары! Баршаңызды 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – Қазақстанның әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Елдің ертеңі- ақылды да дарынды, айбынды да парасатты, білікті де білімді жас ұрпақтың қолында екендігі даусыз ақиқат. Білім саласының уақыт ағымына сай түлеп, түрленіп келе жатқандығын еліміздің мақтанышына айналған дарынды оқушыларымыз бен салиқалы...

10 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беретін мектептің директоры Досов Асқар Аққалиұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығына сәйкес "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды. И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беретін мектептің директоры Досов Асқар Аққалиұлын құттықтай отырып, жұмысына табыс, отбасына амандық тілейміз!  ...

25 қазан 2022

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылдың 25 қазанында еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. Бұл Қазақстанның тәуелсіздігіне жасалған алғашқы қадам болды. Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтарды. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері экономикамыз нығайып, халықтың өмір сүру сапасы жақсарды. Бүгінде елімізде білім беру сапасын...

24 қазан 2022

24 қазан - КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ

24 қазан - КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазанындағы N833 қаулысымен " 24 қазан - Кітапханашылар күні" болып белгіленуі барша кітапханашылар үшін үлкен қолдау, шаттықты қуаныш. Кітапханашылар қауымы барлық жұртшылық үшін рухани жаңалық алыбы, жаңа леп, жайсаң көзқарас жаршысы. Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы.Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тірлігіне...

1 қыркүйек 2022

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата аналар!

Баршаңызды 1 қыркүйек білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Білім – адам баласының өмірлік серігі, өз тағдырының тұғыры. Ал ұстаздар – осынау жарқын әлемге жол ашушылар. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін елдің сауаттылығын арттыру, соның ішінде, өскелең ұрпақтың сауаттылығына аса көңіл бөлу, білім берудің жаңа әдістеріне көшу қажет. Оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына бар мүмкіндікті қарастыру біздің басты міндетіміз....

23 маусым 2022

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Отанымыздың даму үрдісімен сабақтас әр күндеріңіз қуаныш пен мақтанышқа бөлесін! Сіздерге Қазақстан халқына қызмет ету сияқты мәртебелі істе табыс, жақсылық пен бейбітшілік, кемеңгерлік пен төзімділік тілейміз. Отбасыларыңызға мықты денсаулық, амандық пен Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне жасалған барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз.  ...

1 маусым 2022

Құрметті, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Құрметті, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаздың бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күні – халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде атап өтеді. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін...

18 сәуір 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 8-10 сынып оқушыларының арасында Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған ғылыми-танымдық облыстық байқауында оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Тіркешбай Балнұр І орын; “ Daryn School Lyceum” ЖШС 9 сынып оқушысы Алтынбек Рауан ІІ орын; №13 гимназиясының 8 сынып оқушысы Берекет Абай ІІІ орын иеленді. Қатысушылар мен жетекшілерін жеңістерімен...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері