Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Құттықтаулар

0

Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді төл мерекеміз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздегі миллиондаған жас өрен өздеріңізден тағылымды тәрбие, өнегелі білім алып, үлкен өмір жолына қадам басады. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, шыдамдылықтарыңыз бен адалдықтарыңыздың арқасында келешек ұрпақтың негізі қалыптасады.

Сіздерге зор құрметпен шынайы алғысымды білдіремін. Тұлға дамуының бастауында тұрған, бойындағы білімін балаларға беріп, оларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулитын – сіздерсіздер. Құрметті әріптестер, бұл маңызды да күрмеуі қиын жолдағы шешуші рөл сіздерге ғана тиесілі!

Биыл алғаш рет педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні 5 қазанға бекітілді. Бұл мереке ең асыл, жауапты әрі маңызды мамандық иелерін біріктіре түсері сөзсіз.

Бүгінгі таңда еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 500 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Мемлекет басшысының қолдауымен 2019 жылы маңызды мәселелердің бірі – педагог мамандығына ерекше мәртебе беру туралы шешім қабылданды.

Төрт жыл ішінде педагогтердің еңбекақысы екі есе өсті. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтерілді. Бүгінде 220 мыңдай мұғалімге тағайындалған санаттарына қарай 50 пайызға дейін үстемақы төленіп отыр. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек ететін 97 мың педагогтің жалақысы тағы 30 пайызға өсті. Сонымен қатар, биыл алғаш рет 90 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Мұғалімдерді аттестаттау процесі жетілдірілуде. Біз білім беру жүйесінің үздіксіз дамуы үшін барынша жағдай жасауымыз керек. Әрбір ұстаздың еңбегі шәкірттерінің жетістігімен бағалануы керек деп есептейміз. Бұл үшін мұғалімдерді ұлттық платформа негізінде аттестаттауды автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Ол - объективті және ашық болуы тиіс. Педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталды. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі тек модератор мен сарапшыға ауысқанда кезде ғана өз пәні бойынша бағаланатын болады.

Еліміздің үздік мұғалімдері «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» республикалық кадр резервіне қабылдана алады. Ал ең мықтылары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Білім беру саласының дамуына, тәуелсіз елге тірек болар жас ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер-ұстаздарға мың тағзым. Сіздердің баға жетпес тәжірибелеріңіз бен білім-біліктеріңіз жас ұстаздарға үлгі.

Хәкім Абайша айтқанда «Ұстаздық еткен жалықпас!». Сондықтан біз қазіргі мұғалім имиджін, халық дәріптейтін «ұстаздың орны – төр» бейнесіне дейін қайта көтеріп, жаңғыртуға міндеттіміз. Осы мақсатта министрлік білім саласында 30 және одан да көп жыл еңбек еткен мұғалімдерді «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Алғаш рет Республикалық педагогика қызметкерлердің ардагерлер Кеңесі құрылды. Бұндай Кеңестер еліміздің әр аймағында құрылады.

Осы жасалған шаралар сіздердің еңбектеріңізге, кәсіби шыңдалуларыңызға қолайлы жағдай туғызып, балаларымыздың білім сапасын арттыруына себеп болатына бек сенімдімін.

Қадірлі әріптестер!

Бізге бүкіл қоғамның тәрбиелік миссиясы жүктелді. Біз, ұстаздар, еліміздің оң имиджін насихаттайтын, саналы да толерантты заманауи ұрпақ қалыптастырудың қозғаушы күшіне айналуға тиіспіз.

Мектеп – бұл жай ғана оқу орны емес, ол балаларға өмірдің ең маңызды құндылықтарын сіңіретін орын. Олар жоғары мәдениетке, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке сусындап, өз еліне ризашылығын түсіне білу керек. Бұл үшін біз, ұстаздар, санамызды өзгертіп, даналық пен тектілік, жақсылық пен шығармашылық адамына айналуымыз керек.

Сіздерге жас ұрпақты оқытудағы қажырлы еңбектеріңіз бен мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңызға шын жүректен алғысымды білдіремін! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат және жұмыста еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Ұстаздар күні құтты болсын!

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев

: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1982782965454124&id=100011673206719





15 маусым 2024

Құрметті ата-аналар, оқушылар! Баршаңызды 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын.

Бұл күн - әрбір оқушының өміріндегі ең қызықты сәттің бірі. Мектеппен қоштасып, үлкен өмірге аяқ басатын кез келді. Ақтау қаласы бойынша барлық білім беру ұйымдарында мектептің негізгі және жалпы орта білім беретін сыныптарын аяқтаған бітіруші түлектер...

18 мамыр 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

2024 жылдың 15-17 мамыры аралығында Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өткен республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауында оқушымыз жеңімпаз атанды! Ақтау қаласы № 30 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Мұстафа Ақұлпа жүлделі ІІ орынға ие...

17 мамыр 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

2024 жылдың 15-16 мамырында Павлодар облысы Екібастұз қаласында өткен IV Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауында бақ сынаған оқушыларымыз жүлдегер атанды! №21 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әлібек Әсет ІІ орын, жетекшісі Дәулетқали Сәния; ...

17 мамыр 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Облыстық  «Каспий толқыны» табиғат жанашырларының фестиваліне қатысқан оқушыларымыз жеңіспен оралды. «Каспий достық теңізі» сурет номинациясы бойынша: ІІ орын - Маркс Алия, №13 гимназиясының  8 сынып оқушысы (жетекшісі Л. Дуанаева) «Менің арманымдағы Каспий...

9 мамыр 2024

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Құрметті ардагерлер және тыл еңбеккерлері! Қымбатты жерлестер! Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін адамзат тарихына өшпес сыз қалдырған екінші дүниежүзілік соғыс дүмпуі басылып, Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына 79 жыл толды. Жыл...

7 мамыр 2024

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қадірлі ер- азаматтар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!  Бүгінде Қарулы Күштеріміздің айбары асып, айбыны асқақтай түсті. Олар тәуелсіз еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда өзіне жүктелген...

25 сәуір 2024

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!

Республикалық «Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған фестивальдің облыстық кезеңінде «Оқушы Орталығы» КММ «Робототехника» үйірмесінің белсенді, ерекше, талантты үйірме тәрбиеленушісі Сансызбай Нұрлыбек «Компьютерлік әзірлемелер,...

25 сәуір 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Мамандандырылған ІТ лицей» КММ ,9 сынып оқушысы Бутантев Рамазанды жоғары нәтижесімен құттықтаймыз. Рамазан Қазақстан құрамасының құрамында Халықаралық Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасына қатысты. Рамазан әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық...

10 сәуір 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңінде Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты “Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі” КММ-сі, 11 сынып оқушысы Шайхутдинова Альбина орыс тілінде оқитын мектептердегі қазақ тілі пәні олимпиада...

22 наурыз 2024

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

...

21 наурыз 2024

Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні - Ынтымақ күні.

...

20 наурыз 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 15.03.2024ж. күнгі №160 нқ бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 19 наурыз күні «И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында өткізілген «Қазақстан балалары...

20 наурыз 2024

19 наурыз - Жаңару күні!!!

Тал егу акциясы – өте маңызды іс екені сөзсіз. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экологиялық проблемаларға ерекше назар аударуды ұсынып, ағаш отырғызуға...

19 наурыз 2024

Наурызнама - Ұлы дала дәстүрлерін жаңғырту және қоғамды біріктіретін жаңа құндылықтарды қалыптастыру

...

19 наурыз 2024

«Ұлттық киім» күні

Республикалық наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз - «Ұлттық киім» күні болып белгіленді. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары ұлттық киімдерді ұлықтауда өз үлестерін қосуда  ...

17 наурыз 2024

Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде Амал мерекесі тойлау

Ақтаудағы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде Амал мерекесі тойланды. Шарада ұстаздар мен оқушылар ән айтып, би биледі. Атап айтқанда, Ақниет Жүрсін «Тек алға», Эльмира Сансызбаева «Туған жер» әнін орындап, Арлан Мендуллаев «Балбырауын» күйін шертті. Ал Дени...

16 наурыз 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ақтау қалалық білім бөлімі бойынша “№27 Өмірзақ жалпы білім беретін мектеп” КММ-де “Қазақстан халқына “қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өткен “Қайрымдылық “күніне орай балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында “QH Жаздық жолдама-2024”қайырымдылық...

7 наурыз 2024

МАРАПАТТАУ

Кеңес соңында білім беру ұйымдарының директорлары мерекеге орай “Құрмет” грамотасымен, “Алғыс” хаттармен марапатталды.  ...

7 наурыз 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2024 жылдың 4-6 наурыз күндері Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсына қатысқан 2 оқушымыз Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту...

2 наурыз 2024

МАРАПАТТАУ!

29 ақпанында өткен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының кеңейтілген кеңесіне отырысында №24 бөбекжай директоры Тлесова Ботагөз Аманқосовна Алғыс хатпен және №35 “Балдырған”...

2 наурыз 2024

1 наурыз - Алғыс айту күні

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, АҚТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ әлемнің жарығын сыйлаған, жүректері мейірімге толы, отбасының ұйытқысы, үйді жарық пен жылуға бөлейтін, кең пейілді аналарымызға арнап музыкалық сәлемдемемен...

1 наурыз 2024

К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясында ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты

Бүгін Тараз қаласы К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясында ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Ахмеданов Артем-Ақтау қаласы, №12 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы; Хлыстунов Андрей - Ақтау қаласы, Мамандандырылған ІТ...

27 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2024 жылдың 26 ақпан күні Ақтау қаласы №2 жалпы білім беретін мектебінде облыстық «Математикалық регата» олимпиадасы өтті. Ақтау қаласы бойынша облыстық «Математикалық регата» олимпиадасына Кубейев Бауыржан Серикулы «Metaschool» жеке меншік мектебі; Ураков Алибек...

24 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Өркен» мектеп-лицейінің 4 ші сынып оқушысы Мырзабаев Санжар “Бастау” математикалық турнирінің облыстық кезеңінен 1 орын иемденіп, республикалық кезеңге жолдама алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!  ...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері