Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

Республикалық «Бастау» математикалык турнирінің қалалық кезеңі

Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының жоспарын негізге  ала отырып, бастауыш сынып оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету мақсатында  Республикалық «Бастау» математикалык турнирінің қалалық кезеңі 2018 жылдың  27 cәуір күні қалалық №23 орта мектеп базасында 2,3-4-сынып оқушылары үшін өткізіледі.

«Бастау» математикалык турниріне әр мектептен  2, 3, 4 сыныптың 3 оқушысынан құралған қазақ және орыс сыныптарының оқушыларынан құралған екі топ қатыстырылсын. Сұраныс 2018 жылдың 13 cәуіріне  дейін  «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» КММ түсірілсін.

«Бастау»  бастауыш сынып оқушыларының арасындағы математикалық турнирін өткізу

ЕРЕЖЕСІ

Осы ереже «Бастау» бастауыш сынып оқушыларының қалалық турнирінің (бұдан әрі турнир) мақсаты мен міндетін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруды анықтайды.

1. Мақсаты мен міндеттері:

- Бастауыш сынып оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету;

- Математикадан оқушылардың олимпиадалық құрама резервін қалыптастыруға ықпал жасау;

- Математикалық ғылымға оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.

2. Турнирге қатысушылар құрамы:

- Қалалық турнирге әр мектептен бір топ жіберіледі, команда құрамы (2 сыныптан -1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 4 сыныптан - 1 оқушы) 3 оқушыдан қазақ  немесе орыс тілінде оқитын бір команда қатысады.

3. Турнирді өткізу тәртібі:

Қалалық турнир үш турдан тұрады:

І тур - «Шашу» турнирдің тұсаукесері. Командалардың 10 сұраққа жауап беру жылдамдығы ескеріледі.

ІІ тур - «Математикалық көкпар». Жарыс (көкпар) алдында әр командаға өзіндік жұмыс ретінде тапсырмалар беріледі. Орындау уақыты - 15 минут. Уақыт өткеннен кейін командалар берілген тапсырмаларды қорғайды. Берілетін уақыт 10 минут.

ІІІ тур - «Математикалық бәйге». Жарыс (бәйге) ауызша түрде өткізіледі. Әр командаға бірдей мазмұндағы бірқатар тапсырмалар беріледі. Команда тапсырмаларды орындағаннан кейін, топ жетекшісі қазылар алқасына есептің шығарылу жолын дәлелдеп береді. Кезең уақыты - 30 минут.

Олимпиаданың қазылар алқасы

Жалпы білім беретін орта мектептердің бастауыш сыныптарында сабақ беретін жоғары санатты мұғалімдер мен білім бөлімі қызметкерлерінен 1 төраға, хатшы және 3 - 5 мүшеден тұратын қазылар алқасы құрылады.

Қазылар алқасы турнирге қатысушы командалардың әр тур бойынша жұмыстарын тексереді. Әр турдың хаттамасын дайындап, үш турдың қорытындысы бойынша жүлделі І, ІІ, ІІІ орындардың жеңімпаздарын анықтап, марапаттауға ұсынады.

  





3 шілде 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын...

17 маусым 2024

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    2024 жылғы 01 шілдеден бастап Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.  ...

8 маусым 2024

Құрметті ата-ана!

Кезекті оқу жылы, мемлекеттік емтихандар аяқталды. Әлпештеген перзенттеріңіз енді сіздердің көз алдарыңызда болады. Бала – әрқайсымыздың өміріміздегі ең қымбат байлығымыз. Сіз бен біз үшін ең бастысы - балалардың амандығы мен қауіпсіздігі. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары барысында балаларымыздың өмір қауіпсіздігі үшін түрлі шаралар әр түрлі форматта ұйымдастырылуда. Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу, өз құқықтарын білу, жол ережесін сақтау, беймезгіл уақытта...

22 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ата-аналар назарына! 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай, 24 мамыр күні сағат 9.00-де 1-10 сынып оқушылары үшін “Білімім – Отаныма!” тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтетінін хабарлаймыз. Тәрбие сағатында сынып жетекшілері білім алушылармен бірге оқу жылын қорытындылайды. Ал мектеп бітіруші түлектер үшін “Мектебім,саған мың алғыс!” тақырыбында салтанатты іс-шара 25 мамыр күні сағат 9.30-да өтеді. РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ мерекелік шараларға аниматорларды,...

21 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ҚҰРМЕТТІ АТА- АНАЛАР! Egov Mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы ақпарат» атты жаңа цифрлық құжатын іске қосылғанын хабарлаймыз! Енді, баланың балабақшада, мектепте немесе колледжде оқитынын растайтын құжатты ОНЛАЙН түрде алуға болады. Барлық ақпарат Egov Mobile электрондық үкімет мобильдік қосымшасының цифрлық құжаттардағы «Отбасы» бөлімінде қолжетімді. Білім туралы ақпаратта баланың тегі, аты, әкесінің аты, жеке идентификациялық нөмірі, туған күні, білім беру ұйымының...

13 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Білім беру грантының мамандықтар тізбесі анықталды. 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджеттен 175 білім беру грантына қаржы бөлінді. А.ж. 3 мамыр күні 2024-2025 оқу жылына жоғары білім алу үшін мамандықтар мен мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемін анықтау мақсатында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен конкурс комиссиясының отырысы өтті. Салалық басқармалардан келіп түскен сұраныстар негізінде өңірге қажетті мамандықтар тізбесі анықталды. Қазіргі таңда конкурс комиссиясының...

13 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

...

13 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Маңғыстау облысының талапкерлері! Сіздер үшін 13-14 мамырда Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған қазақстандық жоғары оқу орындарының ауқымды көрмесі өтеді. Көрмеге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ және т.б. сияқты Қазақстанның жетекші университеттері қатысады. «Грант түрлері және талапкердің жол картасы» тақырыбындағы кәсіптік бағдар беру семинарында кәсіптік бағдар...

5 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Маңғыстауда «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істеуге өтінім 15 мамырда басталады Өңірімізде «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істеуге өтінім беру 15 мамырда басталады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. «Жасыл ел» еңбек жасағы аясында жастар қоршаған ортаны абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары бойынша ақылы түрде қызмет атқарады. Бағдарламаға 14 – 35 жас аралығындағы өңір жастары қатыса алады. Құжат тапсырушылардың арасында ең бірінші әлеуметтік мәртебесі (көп...

2 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Алаяқтар Қазақстанның оқу-ағарту министрінің атынан хабарлама таратуда WhatsApp және Telegram қосымшаларында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан хабарламалар таратылуда. Шын мәнінде, бұл жалған аккаунттар, олармен байланыс орнатып, ұсынылған сілтемелер бойынша өтпеңіздер. «Соңғы күндері WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде оқу-ағарту министрінің атынан түрлі хабарламалар таратылуда. Бұл жалған ақпарат! Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Өкінішке...

27 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады. «Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының...

13 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті жылыойлықтар! Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге кеңес беру жөніндегі жедел желі іске қосылды. Толық ақпарат алу үшін: +7 700 245 93 29 +7 775 711 83 54 +7 775 361 14 38  ...

10 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Қашықтықтан оқытуға тағайындалған қазақ тілді сыныптар үшін жетекшілердің байланыс нөмірлері Қашықтықтан оқытуға тағайындалған орыс тілді сыныптар үшін жетекшілердің байланыс нөмірлері  ...

8 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ақтауда эвакуациялық пункттер су тасқынына байланысты эвакуацияланған азаматтарды қабылдауға дайын Ақтаудағы 11 эвакуациялық пункт су тасқынына байланысты эвакуацияланған азаматтарды қабылдауға дайын. Бұл эвакуациялық пункттерде 895 орын бар. Әрбір эвакуациялық пункттың мекен-жайы мен жауапты қызметкерлердің номері кестеде көрсетілген. №6 жалпы білім беретін мектеп, 6 ш/а 47-ғимарат Жауапты қызметкерлер: Нургалиева Гулмира Кундыковна 87014988351 Магдатова Алтынгуль...

5 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізіледі. Ата-аналар балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Ал лицейлер мен гимназияларға балалар емтихансыз қабылданады. Сонымен қатар мектептен мектепке тек каникул кезінде ғана ауысуға рұқсат етілетін шектеу алынып тасталды. Енді жаңа ережелерге сәйкес, балалар оқу жылында тұрғылықты жері бойынша мектеп ауыстыру мүмкіндігіне ие болды.  ...

4 сәуір 2024

Білім беру ұйымдарының педагогтері еңбек демалысы туралы не білу қажет?

...

4 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Қайырлы күн, жерлестер, әріптестер! Әлеуметтік желіде, чаттарда әр түрлі жалған ақпарат таратушылар көбейіп кеткені белгілі. Мысалы, ұялы телефонның тарифтік марафондары, педагогтердің біліктілік тестісіне 3 күндік тегін дайындау сілтемелері, балаларды балабақша мен мектептерге орналастыру, педагогтерді жұмысқа орналасуға көмектесу т.б. Аталған жағдайлар бойынша тиісті құзырлы органдарға хабарлауыңыз, тек ресми ақпарат көздеріне сенулеріңіз сұралады. Ақтау қаласы бойынша білім...

3 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Бүгінгі таңда, 2024 жылға арналған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөнінде Маңғыстау облыстық әкімдігінің  қаулысы  рәсімделген кезде  Конкурсқа құжат қабылдау қайтадан жүргізілетіндігі қаперіңізге беріледі. Осыған байланысты, конкурсқа құжат қабылдау уақытша тоқтатылды. Маңғыстау облысы әкімінің қаулысы шыққаннан кейін қосымша хабарландыру беріледі және Сіздерге Конкурстың өтетін  күні және уақыты хабарланатын болады. Ақпарат Ақтау...

3 сәуір 2024

Мектептерінде төртінші тоқсан басталды

Мектептердегі төртінші тоқсан 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ, 25 мамырда қорытындылар шығарылып, оқу жылы аяқталады.  ...

2 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қатысты сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс телефондарына хабарласуға болатынын қаперлеріңізге береміз!  ...

2 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті, болашақ 1-ші сынып оқушыларының ата-аналары! 1-ші сыныпқа қабылдаудың негізгі шарты 052-2/у формасының болуы (баланың денсаулық паспорты) екенін хабарлаймыз! Егер емханада сізге бұрынғы 026 формасындағы анықтаманы берген болса, уайымдамаңыз! ЕҢ БАСТЫСЫ БАЛА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРІСТЕН ЖАҚЫНДА ӨТІП, ҚҰЖАТТАҒЫ АҚПАРАТ АКТУАЛДЫ БОЛУЫ МАҢЫЗДЫ. Қазіргі кезде емханалар жаңа 052у формадағы анықтама беріп бастады. Бұл анықтама да жарамды. Яғни, мектептер...

30 наурыз 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті ата-аналар! 01.04.2024 жылдан бастап 2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталатындығын хабарлаймыз! Өтінішті 1 сәуірден бастап www.egov.kz арқылы бере аласыз. Өтініш беру 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Қажетті құжаттар: 1. Ата-ананың өтініші (немесе заңды өкілі); 2. 052-2/у нысаны бойыша денсаулық жағдайы туралы құжат; 3. 3×4 сурет - 2 дана.  ...

19 наурыз 2024

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қатысты сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс телефондарына хабарласуға болатынын қаперлеріңізге береміз!  ...

19 наурыз 2024

CALL-ОРТАЛЫҚ

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қатысты сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс телефондарына хабарласуға болатынын қаперлеріңізге береміз!  ...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері