Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

10 сәуір 2018

«География пәнін оқытуда оқушылардың ойлау дағдыларын критериалды бағалау»

Қала мектептерінің география пәні мұғалімдеріне арналған «География  пәнін оқытуда оқушылардың ойлау дағдыларын  критериалды бағалау» тақырыбында 12 орта мектепте 24 сәуір күні семинар өткізіледі.   ...

10 сәуір 2018

«Үздік педагог» қалалық байқауы

Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәкес, қалалық білім бөлімінің 06.03.2018 жылғы №254 бұйрығымен мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарындағы педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді көпшілікке таныту, озық іс-тәжірибелерді  насихаттау мақсатында 2018 жылдың 18 сәуір күні КММ «АҚБҮО» базасында өткізіледі.   ...

4 сәуір 2018

«Жаңаша білім беру жағдайындағы шеберлік сыныптары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары

10.04.2014 жылы сағат 09.00-де «М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жаңаша білім беру жағдайындағы шеберлік сыныптары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік  семинары өткізіледі. Семинарға қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша шығармашылық топ мүшелері, тәжірибелі мамандар мен жас мамандар қатыстырылмақ.  Білікті мамандар іс-тәжірибелерін бөлісіп, әр тақырып бойынша шеберлік сыныптарының...

4 сәуір 2018

«Мағжан оқулары» сайысы

Ақтау қаласының «№9 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 17 сәуірі күні сағат 09.30-ға «Мағжан оқулары» сайысы  өткізілу  жоспарланып  отыр. Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Мағжан  Жұмабаев  шығармаларын  насихаттау  арқылы  тіл  мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті жандандыру, дарынды балаларды анықтау, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету. Байқаудың...

4 сәуір 2018

«Абай оқулары» сайысы

Ақтау қаласының «И. Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 16 сәуірі күні сағат  09:30-да  «Абай оқулары»  сайысы  өткізілмек. Байқаудың мақсаты: • Қазақ  халқының  ұлы ақыны,  данышпаны – Абай  шығармаларын жас ұрпақ бойына сіңіре отырып адамгершілік рухында тәрбиелеу; • Абай сөздерін терең түсінуге баулу; • Оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін, эстетикалық  талғамдарын, тума талант, табиғи  дарындарын  анықтау; •...

4 сәуір 2018

«Жаңартылған білім беру мазмұнын игерудегі тəжірибе алмасу ықпалдастығы»

Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының іс-жоспарына сəйкес, деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдермен іс-тəжірибе алмасу жəне озық іс-тəжірибелерді насихаттау мақсатында 12 сəуір күні «Жаңартылған білім беру мазмұнын игерудегі тəжірибе алмасу ықпалдастығы» тақырыбында N3 мектепте, 25 сəуір күні «Жаңартылған оқу мазмұнын жүзеге асырудағы ізденістер» тақырыбында мамандандырылған экономикалық лицей мен 24 жббом базасында өткізіледі. Жетекші мектептерге арналған семинарға...

30 наурыз 2018

«Бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы»

Қалалық білім бөлімі, білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін орта мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларының қабілетін, білім деңгейін, ой-өрісін, дүниетаным түсініктерін анықтау мақсатында 2017 жылдың 11 сәуір күні сағат 09.00-де «№3 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы» (қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, русский  язык, литература, познание мира пәндері бойынша)...

30 наурыз 2018

«Маңғыстау-Серікбол көзімен» атты зияткерлік сайысы

Ағымдағы жылдың сәуір айының 02 күні қалалық білім бөлімі және білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен белгілі өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалым С.Ә.Қондыбайдың мұраларын зерттеу және насихаттау мақсатында «№16 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  С.Қондыбай оқулары бойынша «Маңғыстау-Серікбол көзімен» атты зияткерлік сайысы өтеді. Қалалық зияткерлік сайысқа әр мектептен 9-11 сынып оқушылары қамтылған 1 топ қатысып, 1 орынды иеленген топ  облыстық...

30 наурыз 2018

«Өзін-өзі тану пәні бойынша» әдістемелік семинар

Қалалық білім бөлі мен білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айының 24  күні «Өзін-өзі тану пәні бойынша» әдістемелік семинар өтеді. Әдістемелік семинар тақырыбы: «Өзін-өзі тану рухани жаңғыру бастауы». Болатын жері КММ «№17 ЖББОМ»   ...

28 наурыз 2018

«Мен армандаған Ақтау» қолөнер және бейнероликтер байқауы

«Мен армандаған Ақтау» қолөнер және бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ Мақсаты: Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының - елордасы  Астана қаласының 20 жылдығын, Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында, білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру, өнегелі, рухани және патриоттық құндылықтарды насихаттау, қатысушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, өскелең ұрпаққа қызықты...

27 наурыз 2018

Қалалық «Үздік әлеуметтік педагог-2018» байқауы туралы

Ақтау қалалық білім бөлімі мен Ақтау қалалық  білім  үйлестіру орталығының жұмыс  жоспарына  сәйкес, шығармашыл жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи әлеуметтік педагогтерді анықтау, қолдау және мадақтау, әлеуметтік педагогтердің кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында «Үздік әлеуметтік педагог-2018» байқауы 30 наурыз күні сағат 9.00-де №10 орта мектеп базасында өткізіледі. Байқау туралы толық мәліметті 87014859372 алуға болады.   ...

26 наурыз 2018

Бастауыш сыныптар бойынша

«Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» КММ іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім мазмұнын жаңарту бағытында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында ағымдағы жылдың 28-наурызында «Жаңартылған білім беру мазмұны - білім сапасын арттырудың маңызы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар болатынын хабарлайды. Семинарға 2-сыныпқа сабақ беретін барлық мұғалімдер қатысады. Өтетін орны: «№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі»...

20 наурыз 2018

«Roboland 2018» ІV халықаралық робототехника фестивалі

2018 жылғы 30-31 наурыз күндері Қарағанды қаласында IV-ші Халықаралық «Roboland 2018» ІV Халықаралық робототехника фестивалі өтеді. Фестивальге қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру орта мектептерінің оқушылары да қатысады. Дарынды оқушыларымызға жеңіс тілейміз! Сәттілік! «Roboland 2018» ІV халықаралық робототехника фестиваліне қатысушылар № Мектебі Оқушының аты-жөні Сыныбы Жетекшісі, телефоны 1 №22 о/м Болатбаев...

20 наурыз 2018

Республикалық «Бастау» математикалык турнирінің қалалық кезеңі

Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының жоспарын негізге  ала отырып, бастауыш сынып оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету мақсатында  Республикалық «Бастау» математикалык турнирінің қалалық кезеңі 2018 жылдың  27 cәуір күні қалалық №23 орта мектеп базасында 2,3-4-сынып оқушылары үшін өткізіледі. «Бастау» математикалык турниріне әр мектептен  2, 3, 4 сыныптың 3 оқушысынан құралған қазақ және орыс...

20 наурыз 2018

Жалпы білім беретін пәндер бойынша қала әкімінің пәндік олимпиадасы

Педагог қызметкерлердің қалалық тамыз мәслихатында қабылданған іс-шара жоспарын орындау  мақсатында  Жалпы білім беретін пәндер бойынша қала әкімінің пәндік олимпиадасы 2018 жылдың  20-21 сәуір күндері №3 орта мектеп базасында өткізіледі. Олимпиадаға қала мектептерінің  11 сыныптың қала мектептерінен мектепішілік іріктеу кезеңінен өткен оқушылары  қатысады. Олимпиаданың  ашылу  салтанаты  2018  жылы  19 сәуір күні сағат  1600 – де №3 орта мектепте өткізіледі. Жалпы  білім беретін орта...

20 наурыз 2018

«Әке көрген оқ жонар» шарасы

Өтетін күні, уақыты: 19-сәуір, 2018жыл, сағат 10:00 Өтетін жері: 12 ш/а, 46 ғимарат, «№13 гимназиясы» КММ, АКТ залы Ұйымдастырушы: «№13 гимназиясы» КММ Шараның мақсаты:   Халықтық педагогиканы насихаттау, мектеп пен ата-ананың байланысын нығайту, әкелердің балатәрбиесіндегі рөлін нығайту. Шараға қатысатындар: 1. Білім беру ұйымдары басшылары 2. Қала мектептерінен әкелер делегациясы /әр мектептен 1 әке/ Шараның жүру тәртібі: 1. Топтарға бөліну 2. Топтарға сұрақтар беру, ...

19 наурыз 2018

Қалалық «Жол қауіпсіздігі жас инспекторлары - 2018» байқауын өткізу туралы бұйрық

Ақтау қалалық білім бөлімінің және «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының жол қауіпсіздігі ережесі туралы білімін көтеру және іс-тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, жол қауіпсіздігін дұрыс сақтайтын жас жол инспекторларын тану мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:       1. Қалалық «Жол қауіпсіздігі жас инспекторлары - 2018»  байқауы  27 наурыз күні сағат 9.00-де «И. Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебі»...

16 наурыз 2018

"Жас мамандарға үлгілік сабақтар топтамасы" тақырыбында шеберлік сыныптары

Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, оқыту орыс тіліндегі жас мамандарға тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесін үлгі ретінде көрсету үшін ағымдағы жалдың 29-наурызы күні  №1 орта мектебінде "Жас мамандарға үлгілік сабақтар топтамасы" тақырыбында шеберлік сыныптары өткізілмек.   ...

16 наурыз 2018

«Ұстаз – ұлы тұлға» жас педагогтар байқауының ережесі

1. Жалпы ереже Заманауи білімнің басты бағыттарының бірі  адам шамасын зияткерлік  мәдениеттің барлық салаларында жетілдіруге жағдай жасау болып табылады. Жас мамандар -  еліміздің  білімінің басты  ресурсы болып табылады.  Білім болашағы  жаңа буын  мұғалімдері  білім  мекемелеріне  әкелген  жаңа идея мен құндылықтарына байланысты. Байқауға қатысу  педагогтың шеберлігін шыңдауға басты қадам. Ол жас педагогтардың  шығармашылық  шамасын  ашу үшін  ерекше кәсіби кеңістік  құрады, олардың...

16 наурыз 2018

Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін №16 орта мектеп базасында 9,10-11-сыныптардың оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету мақсатында  ағымдағы жылдың  27-28-і наурыз  күндері  өтетіндігін xабарлай отырып, олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сайыстарда жүлдегер атанып жүрген оқушылар қатыса алатындығын ескертеміз.  ...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері