Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

Республикалық «Бастау» математикалык турнирінің қалалық кезеңі

Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының жоспарын негізге  ала отырып, бастауыш сынып оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету мақсатында  Республикалық «Бастау» математикалык турнирінің қалалық кезеңі 2018 жылдың  27 cәуір күні қалалық №23 орта мектеп базасында 2,3-4-сынып оқушылары үшін өткізіледі.

«Бастау» математикалык турниріне әр мектептен  2, 3, 4 сыныптың 3 оқушысынан құралған қазақ және орыс сыныптарының оқушыларынан құралған екі топ қатыстырылсын. Сұраныс 2018 жылдың 13 cәуіріне  дейін  «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» КММ түсірілсін.

«Бастау»  бастауыш сынып оқушыларының арасындағы математикалық турнирін өткізу

ЕРЕЖЕСІ

Осы ереже «Бастау» бастауыш сынып оқушыларының қалалық турнирінің (бұдан әрі турнир) мақсаты мен міндетін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруды анықтайды.

1. Мақсаты мен міндеттері:

- Бастауыш сынып оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету;

- Математикадан оқушылардың олимпиадалық құрама резервін қалыптастыруға ықпал жасау;

- Математикалық ғылымға оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.

2. Турнирге қатысушылар құрамы:

- Қалалық турнирге әр мектептен бір топ жіберіледі, команда құрамы (2 сыныптан -1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 4 сыныптан - 1 оқушы) 3 оқушыдан қазақ  немесе орыс тілінде оқитын бір команда қатысады.

3. Турнирді өткізу тәртібі:

Қалалық турнир үш турдан тұрады:

І тур - «Шашу» турнирдің тұсаукесері. Командалардың 10 сұраққа жауап беру жылдамдығы ескеріледі.

ІІ тур - «Математикалық көкпар». Жарыс (көкпар) алдында әр командаға өзіндік жұмыс ретінде тапсырмалар беріледі. Орындау уақыты - 15 минут. Уақыт өткеннен кейін командалар берілген тапсырмаларды қорғайды. Берілетін уақыт 10 минут.

ІІІ тур - «Математикалық бәйге». Жарыс (бәйге) ауызша түрде өткізіледі. Әр командаға бірдей мазмұндағы бірқатар тапсырмалар беріледі. Команда тапсырмаларды орындағаннан кейін, топ жетекшісі қазылар алқасына есептің шығарылу жолын дәлелдеп береді. Кезең уақыты - 30 минут.

Олимпиаданың қазылар алқасы

Жалпы білім беретін орта мектептердің бастауыш сыныптарында сабақ беретін жоғары санатты мұғалімдер мен білім бөлімі қызметкерлерінен 1 төраға, хатшы және 3 - 5 мүшеден тұратын қазылар алқасы құрылады.

Қазылар алқасы турнирге қатысушы командалардың әр тур бойынша жұмыстарын тексереді. Әр турдың хаттамасын дайындап, үш турдың қорытындысы бойынша жүлделі І, ІІ, ІІІ орындардың жеңімпаздарын анықтап, марапаттауға ұсынады.

  





13 қазан 2018

2018 ЖЫЛДА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ

...

13 қазан 2018

IT СЫНЫПТАР АШУ

     Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №№5, 6, 20, 21, 22 орта мектептер, IT лицей, №13 гимназия, 11 мамандандырылған физика- математика мектебі базасында  IT сыныптары ашылды. Жаһандық бәсекелестікке сай технологиялармен жабдықталған кабинет...

22 тамыз 2018

Актау каласының жалпы білім беpeтін ұйымдарында 2018-2019 оку жылының басталуы туралы

...

14 тамыз 2018

Ашық есік күні

Ақтау қалалық білім бөлімі қала тұрғындарын «Ашық есік күніне» шақырады. Қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғындарына мектеп, мектепке дейінгі балалар  ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою, сондай – ақ...

3 тамыз 2018

Қалалық білім бөлімі бос тұрған директор лауазымына конкурс жариялайды

...

20 маусым 2018

"Жас түлек - 2018"

...

1 маусым 2018

1 маусым - балаларды қорғау күні

Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз,еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! Елдің ертеңі болар сол жастарымыз,балаларымыз!...

16 мамыр 2018

"Ең үздік информатика кабинеті - 2018" байқауы

Қалалық «Ең үздік информатика кабинеті-2018» байқауы   Қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, информатика пәні бойынша оқу-тәрбие үрдісінің дамуына информатика кабинеттерінің рөлін көтеру, кабинеттің жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін тарату...

15 мамыр 2018

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының бірінші мектепішілік кезеңі

Маңғыстау облысы білім басқармасының 14.05.2018ж. №82 н/қ бұйрығын негізге ала отырып 2018 жылдың 21 мамырында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі- Ғылыми конкурс) бірінші мектепішілік кезеңі барлық мектептерде өткізілетін...

14 мамыр 2018

Химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Интелектуальды сайыс»

Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні №10 орта мектеп базасында, химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Интелектуальды сайыс» сабақ өтеді.    ...

12 мамыр 2018

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

"Білімді ұлт - білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы ...

11 мамыр 2018

"Әкем, шешем және мен" отбасылық-спорттық сайыс

14.05.2018 ж. күні №1 орта мектепте "Әкем, шешем және мен" отбасылық-спорттық  сайыс өткізіледі.  ...

11 мамыр 2018

"Үздік мектеп мұражайы" республикалық байқауының қалалық кезеңі

15.05.2018 ж. күні Ақтау қаласының мұражайлары бар мектептерінің арасында "Үздік мектеп мұражайы" республикалық байқаудың қалалық кезеңі өткізіледі.  ...

11 мамыр 2018

"Бейбітшілік-ел тілегі" тақырыбында интеллектуалды-спорттық сайыс

12.05.2018 ж. күні қала сыртында орналасқан "Серебряные пески" демалыс орнында "Бейбітшілік-ел тілегі" тақырыбында интеллектуалды-спорттық сайыс өткізіледі. Бұл сайыста әр мектептен 1 команда қатысып және олар өздеріне Қазақстан Халық Ассамблеясының орталықтарының...

4 мамыр 2018

«ҰБТ-ге дайындық» атты семинар-тренинг

Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні  «ҰБТ-ге дайындық» атты 11-ші сыныптарда жұмыс жасайтын білім беретін орта мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинар-тренингі  № 23 орта мектепте өткізіледі.   ...

4 мамыр 2018

"Ерлігі елге аңыз - Исатай" тақырыбында ашық есік күні

Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні "Ерлігі елге аңыз - Исатай" тақырыбында ашық есік күні "Исатай Сүйеубаев атындағы #8 жалпы білім беру орта мектебінде" өткізіледі.    ...

3 мамыр 2018

«Ел тірегі – жас ұрпақ» патриоттық байқауы

Қазақстан Республикасының – елордасы Астана қаласының 20 жылдығын, Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында, білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру, қатысушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғауға деген құштарлығын...

21 сәуір 2018

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар

Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні №11  мамандандырылған  физика – математикалық  мектеп базасында, химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтеді.    ...

20 сәуір 2018

"Бір шаңырақ астында" мерекелік фестиваль

23.04.2018 ж күні, сағат 10.00-де "Ақтау қалалық жастар орталығы" мәдени-демалыс кешенінде "Бір шаңырақ астында" мерекелік фестиваль өткізіледі. Шара "1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі" күні мерекесі аясында ұйымдастырылып, мектеп оқушылары және балабақша бүлдіршіндері...

19 сәуір 2018

"Жаратылыстану пəнін ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі" пəні мұғалімдеріне арналған əдістемелік семинар мектепте өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 25 сəуір күні сағат 9.00-де "Жаратылыстану пəнін ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі" тақырыбында үштілділік бағдарламасы бойынша оқыған информатика, физика, химия, биология пəні мұғалімдеріне арналған əдістемелік семинар N21орта мектепте өткізіледі....

17 сәуір 2018

«Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысы

Ағымдағы жылдың 26-27 сәуір күндері  «Отан қорғаушы - 2018»  қалалық әскери қолданбалы сайысы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі  «Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысын өткізу ережесі 1. Мақсаттары мен міндеттері «Отан қорғаушы-2018» әскери-қолданбалы...

16 сәуір 2018

7 сыныптар арасында "Көңілді старт" байқауы

25 сәуір күні физика және математика пәндерімен байланыстырылған "Көңілді старт" байқауы 7 сыныптар арасында өтеді.  ...

16 сәуір 2018

Қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін семинар

Ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні  қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін экономикалық лицейде семинар  өткізіледі .  ...

11 сәуір 2018

«Білікті жас маман» қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас маман байқауы

Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні «Білікті жас маман» қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас маман байқауы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі  Қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Білікті жас маман» байқауының ЕРЕЖЕСІ 1. Байқаудың мақсаты: Жас ұстаздардың...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері