Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

ХАБАРЛАНДЫРУ

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын ( Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 бұйрығын) негізге ала отырып, бос лауазымдық орындарға қажетті мамандарға конкурс жариялайды:

Математика 1 штаттық бірлік (16 сағат) 1 маман (уақытша)

Төменде көрсетілген құжаттарды 20.12.2023 ж дейін комиссия хатшысы Жұбандық Әсем Максимқызына (тел:42-77-50) тапсыруларыңыз сұралады.

154. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға

қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

наркологиялық ұйымнан анықтама;

сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы

біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің

немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе

CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте

кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

155. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

156. Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Білім беру ұйымының мекен –жайы: Ақтау қаласы, 13 шағын аудан, 12 ғимарат

тел: 42-77-50 





13 қазан 2018

2018 ЖЫЛДА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ

...

13 қазан 2018

IT СЫНЫПТАР АШУ

     Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №№5, 6, 20, 21, 22 орта мектептер, IT лицей, №13 гимназия, 11 мамандандырылған физика- математика мектебі базасында  IT сыныптары ашылды. Жаһандық бәсекелестікке сай технологиялармен жабдықталған кабинет...

22 тамыз 2018

Актау каласының жалпы білім беpeтін ұйымдарында 2018-2019 оку жылының басталуы туралы

...

14 тамыз 2018

Ашық есік күні

Ақтау қалалық білім бөлімі қала тұрғындарын «Ашық есік күніне» шақырады. Қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғындарына мектеп, мектепке дейінгі балалар  ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою, сондай – ақ...

3 тамыз 2018

Қалалық білім бөлімі бос тұрған директор лауазымына конкурс жариялайды

...

20 маусым 2018

"Жас түлек - 2018"

...

1 маусым 2018

1 маусым - балаларды қорғау күні

Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз,еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! Елдің ертеңі болар сол жастарымыз,балаларымыз!...

16 мамыр 2018

"Ең үздік информатика кабинеті - 2018" байқауы

Қалалық «Ең үздік информатика кабинеті-2018» байқауы   Қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, информатика пәні бойынша оқу-тәрбие үрдісінің дамуына информатика кабинеттерінің рөлін көтеру, кабинеттің жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін тарату...

15 мамыр 2018

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының бірінші мектепішілік кезеңі

Маңғыстау облысы білім басқармасының 14.05.2018ж. №82 н/қ бұйрығын негізге ала отырып 2018 жылдың 21 мамырында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі- Ғылыми конкурс) бірінші мектепішілік кезеңі барлық мектептерде өткізілетін...

14 мамыр 2018

Химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Интелектуальды сайыс»

Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні №10 орта мектеп базасында, химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Интелектуальды сайыс» сабақ өтеді.    ...

12 мамыр 2018

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

"Білімді ұлт - білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы ...

11 мамыр 2018

"Әкем, шешем және мен" отбасылық-спорттық сайыс

14.05.2018 ж. күні №1 орта мектепте "Әкем, шешем және мен" отбасылық-спорттық  сайыс өткізіледі.  ...

11 мамыр 2018

"Үздік мектеп мұражайы" республикалық байқауының қалалық кезеңі

15.05.2018 ж. күні Ақтау қаласының мұражайлары бар мектептерінің арасында "Үздік мектеп мұражайы" республикалық байқаудың қалалық кезеңі өткізіледі.  ...

11 мамыр 2018

"Бейбітшілік-ел тілегі" тақырыбында интеллектуалды-спорттық сайыс

12.05.2018 ж. күні қала сыртында орналасқан "Серебряные пески" демалыс орнында "Бейбітшілік-ел тілегі" тақырыбында интеллектуалды-спорттық сайыс өткізіледі. Бұл сайыста әр мектептен 1 команда қатысып және олар өздеріне Қазақстан Халық Ассамблеясының орталықтарының...

4 мамыр 2018

«ҰБТ-ге дайындық» атты семинар-тренинг

Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні  «ҰБТ-ге дайындық» атты 11-ші сыныптарда жұмыс жасайтын білім беретін орта мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинар-тренингі  № 23 орта мектепте өткізіледі.   ...

4 мамыр 2018

"Ерлігі елге аңыз - Исатай" тақырыбында ашық есік күні

Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні "Ерлігі елге аңыз - Исатай" тақырыбында ашық есік күні "Исатай Сүйеубаев атындағы #8 жалпы білім беру орта мектебінде" өткізіледі.    ...

3 мамыр 2018

«Ел тірегі – жас ұрпақ» патриоттық байқауы

Қазақстан Республикасының – елордасы Астана қаласының 20 жылдығын, Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында, білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру, қатысушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғауға деген құштарлығын...

21 сәуір 2018

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар

Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні №11  мамандандырылған  физика – математикалық  мектеп базасында, химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтеді.    ...

20 сәуір 2018

"Бір шаңырақ астында" мерекелік фестиваль

23.04.2018 ж күні, сағат 10.00-де "Ақтау қалалық жастар орталығы" мәдени-демалыс кешенінде "Бір шаңырақ астында" мерекелік фестиваль өткізіледі. Шара "1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі" күні мерекесі аясында ұйымдастырылып, мектеп оқушылары және балабақша бүлдіршіндері...

19 сәуір 2018

"Жаратылыстану пəнін ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі" пəні мұғалімдеріне арналған əдістемелік семинар мектепте өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 25 сəуір күні сағат 9.00-де "Жаратылыстану пəнін ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі" тақырыбында үштілділік бағдарламасы бойынша оқыған информатика, физика, химия, биология пəні мұғалімдеріне арналған əдістемелік семинар N21орта мектепте өткізіледі....

17 сәуір 2018

«Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысы

Ағымдағы жылдың 26-27 сәуір күндері  «Отан қорғаушы - 2018»  қалалық әскери қолданбалы сайысы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі  «Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысын өткізу ережесі 1. Мақсаттары мен міндеттері «Отан қорғаушы-2018» әскери-қолданбалы...

16 сәуір 2018

7 сыныптар арасында "Көңілді старт" байқауы

25 сәуір күні физика және математика пәндерімен байланыстырылған "Көңілді старт" байқауы 7 сыныптар арасында өтеді.  ...

16 сәуір 2018

Қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін семинар

Ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні  қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін экономикалық лицейде семинар  өткізіледі .  ...

11 сәуір 2018

«Білікті жас маман» қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас маман байқауы

Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні «Білікті жас маман» қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас маман байқауы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі  Қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Білікті жас маман» байқауының ЕРЕЖЕСІ 1. Байқаудың мақсаты: Жас ұстаздардың...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері