Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

  ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

    Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі  білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптіктік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектпке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 700 орынға конкурс жариялайды.

    Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қалалық білім бөлімі төмедегідей құжаттар ұсынады:

1)  осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);

4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы) мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;

7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

Растайтын құжаттар:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидимиолгиялық талаптар» санитарлық ережелерінің талаптарына сәйкестігі.

Санитарлық ережелер бойынша материалдармен және құралдарымен жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі.

Конкурсқа қатысушылардың өтініштерін (құжаттарын) 2022 жылдың 15 тамыз күні сағат 10.00-ге дейін білім бөліміне тапсырады.





13 қазан 2018

2018 ЖЫЛДА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ

...

13 қазан 2018

IT СЫНЫПТАР АШУ

     Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №№5, 6, 20, 21, 22 орта мектептер, IT лицей, №13 гимназия, 11 мамандандырылған физика- математика мектебі базасында  IT сыныптары ашылды. Жаһандық бәсекелестікке сай технологиялармен жабдықталған кабинет...

22 тамыз 2018

Актау каласының жалпы білім беpeтін ұйымдарында 2018-2019 оку жылының басталуы туралы

...

14 тамыз 2018

Ашық есік күні

Ақтау қалалық білім бөлімі қала тұрғындарын «Ашық есік күніне» шақырады. Қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғындарына мектеп, мектепке дейінгі балалар  ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою, сондай – ақ...

3 тамыз 2018

Қалалық білім бөлімі бос тұрған директор лауазымына конкурс жариялайды

...

20 маусым 2018

"Жас түлек - 2018"

...

1 маусым 2018

1 маусым - балаларды қорғау күні

Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз,еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! Елдің ертеңі болар сол жастарымыз,балаларымыз!...

16 мамыр 2018

"Ең үздік информатика кабинеті - 2018" байқауы

Қалалық «Ең үздік информатика кабинеті-2018» байқауы   Қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, информатика пәні бойынша оқу-тәрбие үрдісінің дамуына информатика кабинеттерінің рөлін көтеру, кабинеттің жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін тарату...

15 мамыр 2018

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының бірінші мектепішілік кезеңі

Маңғыстау облысы білім басқармасының 14.05.2018ж. №82 н/қ бұйрығын негізге ала отырып 2018 жылдың 21 мамырында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі- Ғылыми конкурс) бірінші мектепішілік кезеңі барлық мектептерде өткізілетін...

14 мамыр 2018

Химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Интелектуальды сайыс»

Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні №10 орта мектеп базасында, химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Интелектуальды сайыс» сабақ өтеді.    ...

12 мамыр 2018

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

"Білімді ұлт - білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы ...

11 мамыр 2018

"Әкем, шешем және мен" отбасылық-спорттық сайыс

14.05.2018 ж. күні №1 орта мектепте "Әкем, шешем және мен" отбасылық-спорттық  сайыс өткізіледі.  ...

11 мамыр 2018

"Үздік мектеп мұражайы" республикалық байқауының қалалық кезеңі

15.05.2018 ж. күні Ақтау қаласының мұражайлары бар мектептерінің арасында "Үздік мектеп мұражайы" республикалық байқаудың қалалық кезеңі өткізіледі.  ...

11 мамыр 2018

"Бейбітшілік-ел тілегі" тақырыбында интеллектуалды-спорттық сайыс

12.05.2018 ж. күні қала сыртында орналасқан "Серебряные пески" демалыс орнында "Бейбітшілік-ел тілегі" тақырыбында интеллектуалды-спорттық сайыс өткізіледі. Бұл сайыста әр мектептен 1 команда қатысып және олар өздеріне Қазақстан Халық Ассамблеясының орталықтарының...

4 мамыр 2018

«ҰБТ-ге дайындық» атты семинар-тренинг

Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні  «ҰБТ-ге дайындық» атты 11-ші сыныптарда жұмыс жасайтын білім беретін орта мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинар-тренингі  № 23 орта мектепте өткізіледі.   ...

4 мамыр 2018

"Ерлігі елге аңыз - Исатай" тақырыбында ашық есік күні

Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні "Ерлігі елге аңыз - Исатай" тақырыбында ашық есік күні "Исатай Сүйеубаев атындағы #8 жалпы білім беру орта мектебінде" өткізіледі.    ...

3 мамыр 2018

«Ел тірегі – жас ұрпақ» патриоттық байқауы

Қазақстан Республикасының – елордасы Астана қаласының 20 жылдығын, Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында, білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру, қатысушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғауға деген құштарлығын...

21 сәуір 2018

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар

Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні №11  мамандандырылған  физика – математикалық  мектеп базасында, химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтеді.    ...

20 сәуір 2018

"Бір шаңырақ астында" мерекелік фестиваль

23.04.2018 ж күні, сағат 10.00-де "Ақтау қалалық жастар орталығы" мәдени-демалыс кешенінде "Бір шаңырақ астында" мерекелік фестиваль өткізіледі. Шара "1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі" күні мерекесі аясында ұйымдастырылып, мектеп оқушылары және балабақша бүлдіршіндері...

19 сәуір 2018

"Жаратылыстану пəнін ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі" пəні мұғалімдеріне арналған əдістемелік семинар мектепте өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 25 сəуір күні сағат 9.00-де "Жаратылыстану пəнін ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі" тақырыбында үштілділік бағдарламасы бойынша оқыған информатика, физика, химия, биология пəні мұғалімдеріне арналған əдістемелік семинар N21орта мектепте өткізіледі....

17 сәуір 2018

«Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысы

Ағымдағы жылдың 26-27 сәуір күндері  «Отан қорғаушы - 2018»  қалалық әскери қолданбалы сайысы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі  «Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысын өткізу ережесі 1. Мақсаттары мен міндеттері «Отан қорғаушы-2018» әскери-қолданбалы...

16 сәуір 2018

7 сыныптар арасында "Көңілді старт" байқауы

25 сәуір күні физика және математика пәндерімен байланыстырылған "Көңілді старт" байқауы 7 сыныптар арасында өтеді.  ...

16 сәуір 2018

Қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін семинар

Ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні  қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін экономикалық лицейде семинар  өткізіледі .  ...

11 сәуір 2018

«Білікті жас маман» қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас маман байқауы

Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні «Білікті жас маман» қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас маман байқауы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі  Қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Білікті жас маман» байқауының ЕРЕЖЕСІ 1. Байқаудың мақсаты: Жас ұстаздардың...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері