Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

«Мен армандаған Ақтау» қолөнер және бейнероликтер байқауы

«Мен армандаған Ақтау» қолөнер және бейнероликтер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының - елордасы  Астана қаласының 20 жылдығын, Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында, білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру, өнегелі, рухани және патриоттық құндылықтарды насихаттау, қатысушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтар мен мәселелерді анықтау, іс-шаралар қатыстыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыру.

Байқаудың  өткізілу  уақыты: 06.04.2018 жыл. сағ. 09.30

Байқау  өтетін  орны : «№2 жалпы білім беру  орта  мектебі» КММ,

акт залы

Байқауға  қатысушылар:

Жалпы білім беру мекемелерінің 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары қатыса алады.

Байқау жұмыстары келесі өлшемдер бойынша бағаланады:

1) идеяны, сюжетті нақты көрсетудің стандартты емес тәсілі;

2) фильмнің дыбыстық ресімделуі;

3) сюжеттік линияны сақтау;

4) бейнелеу сапасы;

5) шығармашылық тәсілі;

6) баяндау сауаттылығы (титрлары, дыбысталуы, қорғау кезіндегі сөйлеу);

7) монтаж;

8) идеяның, тақырыптың өзектілігі;

9) көру жайлылығы және қабылдау жеңілдігі

Байқау жұмыстарының мазмұнына қойылатын талаптар:

жұмыстың мазмұны тақырыпты ашуы;

өмір, жұмыс, балалар мен ересектердің қызығушылықтары, олардың армандары;

салауатты өмір салтын насихаттау;

мейірімділік және қайырымдылық таныту;

ұрпақтар диалогы;

қоршаған орта экологиясы және оны қорғау;

отансүйгіштік қасиеттерді таныту және өз тілін үйренуге қызығушылық;

әлеуметтік мәселелерді шешу идеялары.

Байқау жұмыстарын рәсімдеу талаптары.

Фильм USB-жинақтау флешкасына жазылады.

Видеоның форматы: avi, mpеg, mp4, wmv, flv, mkv, vob, mov.

Жұмыста видеофильмдерден алынған видео, фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер мен титрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар, видеофильмдерден алынған фрагменттерді қолдануға болады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылған материалдардың авторлары көрсетілуі тиіс, бейнероликтер  уақыты 3 минуттан  аспауы  қажет, оқушының  аты-жөні, мектебі  бейнероликте  көрсетілуі керек.

Әрбір жіберілген қолөнер бұйымдарының төменгі оң жақ бұрышына қатысушы туралы толық мәлімет жазылып жіберілуі міндетті, сондай – ақ

Байқау  жеңімпаздарын  анықтау:

* Қатысушылардың шығармашылық жұмысын мамандардан құралған әділқазылар алқасы бағалайды;

* Қазылар алқасының шешімі соңғы шешім болып табылады;

Жүлдегерлерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі. Жұмыстар қазақ, орыс тілдерінде қабылданады.

Сұраныс үлгісі:

Мектебі

Аты- жөні

Сыныбы

Бөлімі

Жұмыстың тақырыбы 

Жетекшісі

1

№25 о/м

Жансейіт Марал

8 «б»

Қолөнер

Мен армандаған Ақтау

Болатова Зарина

 

 

 





13 қазан 2018

2018 ЖЫЛДА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ

...

13 қазан 2018

IT СЫНЫПТАР АШУ

     Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №№5, 6, 20, 21, 22 орта мектептер, IT лицей, №13 гимназия, 11 мамандандырылған физика- математика мектебі базасында  IT сыныптары ашылды. Жаһандық бәсекелестікке сай технологиялармен жабдықталған кабинет...

22 тамыз 2018

Актау каласының жалпы білім беpeтін ұйымдарында 2018-2019 оку жылының басталуы туралы

...

14 тамыз 2018

Ашық есік күні

Ақтау қалалық білім бөлімі қала тұрғындарын «Ашық есік күніне» шақырады. Қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғындарына мектеп, мектепке дейінгі балалар  ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою, сондай – ақ...

3 тамыз 2018

Қалалық білім бөлімі бос тұрған директор лауазымына конкурс жариялайды

...

20 маусым 2018

"Жас түлек - 2018"

...

1 маусым 2018

1 маусым - балаларды қорғау күні

Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз,еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! Елдің ертеңі болар сол жастарымыз,балаларымыз!...

16 мамыр 2018

"Ең үздік информатика кабинеті - 2018" байқауы

Қалалық «Ең үздік информатика кабинеті-2018» байқауы   Қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, информатика пәні бойынша оқу-тәрбие үрдісінің дамуына информатика кабинеттерінің рөлін көтеру, кабинеттің жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін тарату...

15 мамыр 2018

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының бірінші мектепішілік кезеңі

Маңғыстау облысы білім басқармасының 14.05.2018ж. №82 н/қ бұйрығын негізге ала отырып 2018 жылдың 21 мамырында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі- Ғылыми конкурс) бірінші мектепішілік кезеңі барлық мектептерде өткізілетін...

14 мамыр 2018

Химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Интелектуальды сайыс»

Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні №10 орта мектеп базасында, химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Интелектуальды сайыс» сабақ өтеді.    ...

12 мамыр 2018

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

"Білімді ұлт - білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы ...

11 мамыр 2018

"Әкем, шешем және мен" отбасылық-спорттық сайыс

14.05.2018 ж. күні №1 орта мектепте "Әкем, шешем және мен" отбасылық-спорттық  сайыс өткізіледі.  ...

11 мамыр 2018

"Үздік мектеп мұражайы" республикалық байқауының қалалық кезеңі

15.05.2018 ж. күні Ақтау қаласының мұражайлары бар мектептерінің арасында "Үздік мектеп мұражайы" республикалық байқаудың қалалық кезеңі өткізіледі.  ...

11 мамыр 2018

"Бейбітшілік-ел тілегі" тақырыбында интеллектуалды-спорттық сайыс

12.05.2018 ж. күні қала сыртында орналасқан "Серебряные пески" демалыс орнында "Бейбітшілік-ел тілегі" тақырыбында интеллектуалды-спорттық сайыс өткізіледі. Бұл сайыста әр мектептен 1 команда қатысып және олар өздеріне Қазақстан Халық Ассамблеясының орталықтарының...

4 мамыр 2018

«ҰБТ-ге дайындық» атты семинар-тренинг

Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні  «ҰБТ-ге дайындық» атты 11-ші сыныптарда жұмыс жасайтын білім беретін орта мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинар-тренингі  № 23 орта мектепте өткізіледі.   ...

4 мамыр 2018

"Ерлігі елге аңыз - Исатай" тақырыбында ашық есік күні

Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні "Ерлігі елге аңыз - Исатай" тақырыбында ашық есік күні "Исатай Сүйеубаев атындағы #8 жалпы білім беру орта мектебінде" өткізіледі.    ...

3 мамыр 2018

«Ел тірегі – жас ұрпақ» патриоттық байқауы

Қазақстан Республикасының – елордасы Астана қаласының 20 жылдығын, Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында, білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру, қатысушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғауға деген құштарлығын...

21 сәуір 2018

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар

Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні №11  мамандандырылған  физика – математикалық  мектеп базасында, химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтеді.    ...

20 сәуір 2018

"Бір шаңырақ астында" мерекелік фестиваль

23.04.2018 ж күні, сағат 10.00-де "Ақтау қалалық жастар орталығы" мәдени-демалыс кешенінде "Бір шаңырақ астында" мерекелік фестиваль өткізіледі. Шара "1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі" күні мерекесі аясында ұйымдастырылып, мектеп оқушылары және балабақша бүлдіршіндері...

19 сәуір 2018

"Жаратылыстану пəнін ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі" пəні мұғалімдеріне арналған əдістемелік семинар мектепте өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 25 сəуір күні сағат 9.00-де "Жаратылыстану пəнін ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі" тақырыбында үштілділік бағдарламасы бойынша оқыған информатика, физика, химия, биология пəні мұғалімдеріне арналған əдістемелік семинар N21орта мектепте өткізіледі....

17 сәуір 2018

«Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысы

Ағымдағы жылдың 26-27 сәуір күндері  «Отан қорғаушы - 2018»  қалалық әскери қолданбалы сайысы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі  «Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысын өткізу ережесі 1. Мақсаттары мен міндеттері «Отан қорғаушы-2018» әскери-қолданбалы...

16 сәуір 2018

7 сыныптар арасында "Көңілді старт" байқауы

25 сәуір күні физика және математика пәндерімен байланыстырылған "Көңілді старт" байқауы 7 сыныптар арасында өтеді.  ...

16 сәуір 2018

Қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін семинар

Ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні  қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін экономикалық лицейде семинар  өткізіледі .  ...

11 сәуір 2018

«Білікті жас маман» қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас маман байқауы

Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні «Білікті жас маман» қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас маман байқауы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі  Қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Білікті жас маман» байқауының ЕРЕЖЕСІ 1. Байқаудың мақсаты: Жас ұстаздардың...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері