Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

«Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауы

Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні «Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі 


«Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауын
өткізу ережелері

1. Жалпы ережелер 

1. «Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауын(бұдан әрі – Байқау) өткізу ережелері оның  мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

2. Байқау мақсаты: жасөспірімдер бойында тарихи құндылықтар негізінде отансүйгіштік, Отанын қорғауға деген құштарлығын ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

3. Байқау міндеттері:  

- білім алушылардың ізденушілік, ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыру;

- білім алушыларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;

- балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша біліммен қамтуды арттыруға жағдай жасау.

2. Байқауды ұйымдастыру уақыты мен орны 

4. Байқау 2018 жылғы 23 сәуірде  __________________________ өткізіледі.

Мектеп басшысының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2018 жылғы 20сәуірге дейін келесі мекенжай бойынша: kentanova@mail.ru электронды поштасына қабылданады, телефондары: 87089186978, 411168

2) жұмысқа аннотация (2-қосымша).

3. Байқау қатысушылары 

5. Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

6. Қатысатын топтың сандық құрамы - 5 адам: 4 білім алушы мен жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатарынан 1 топ жетекшісі. Қатысушылардың жасы – 13-15 жас. 

7Байқауды өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік аудандық, қалалық білім бөлімдері анықтаған топ жетекшісіне жүктеледі.

Байқауды өткізу орнына дейін жету кезінде, Байқауды өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезінде топтың әр қатысушысы заттарының сақталуына өздері жауапты.

4. Байқауды өткізу шарты және тәртібі 

8. Байқау үш кезеңнен өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік:

2) екінші кезең – аудандық, қалалық байқау;

3) үшінші кезең - облыстық байқау.

9Байқау төрт номинация бойынша өткізіледі:

1. «Жеңіс туын желбіреткендер!» бағытында - Ұлы Отан соғысына қатынасқан (әсіресе: Ленинград, Сталинград, Москва, Ржев, Курск т.б. қалаларды азат етуге қатысқандар), қаза тапқан, хабарсыз кеткен боздақтар, жау тылында,  партизан отрядтарында соғысқа қатысқандар туралы деректер жинақтау; ашық сабақтар, кездесу кеші, дөңгелек үстелдер өткізу; ескерткіштерді күту, абаттандыру; мектеп музейлерінде көрме ұйымдастыру,  музей қорын толықтыру; бейне баяндар түсіру арқылы іздеу-зерттеу жұмыстарының байқауы;

Бағалау өлшемдері: зерттелетін мәселелердің өзектілігі мен жаңашылдығы, жүргізілген зерттеулердің деңгейі мен көлемі, қойылған міндеттердің орындалу нәтижесі, жұмыстың практикалық маңызы, автордың қосар жеке үлесі, сөйлеу шеберлігі.

Жобаны қорғау уақыты - көрсететін материалды (макеттер, үлгілер, видео және т.б.) қолдануымен - 7 минут.

2. «Менің Отаным - Қазақстан!» патриоттық әндер байқауы.

Бағалау өлшемдері: сахналық мәдениет, вокалдық қабілеттер, орындау шеберлігі, аудиториямен байланыс, орындаудың мәнерлілігі және эмоционалдығы.

3. «Соғыстың үшбу хаттары» (Ұлы Отан соғыс кезінде жазылған хаттарды, майданда қаза тапқандарға келген «қара қағаз», жәдігерлерді іздестіру, жинақтау жұмыстарын жүргізу, тапсыру)

4.«Батырлық мектебі!» бейнеролик байқауы. Қорғау уақыты –  5 минут.

Қойылатын талаптар: видеоөнім сандық тасымалдағыштарда, электронды файлдар mpeg-4, avi, mkv форматында ұсынылуы тиіс.

Бағалау өлшемдері: стилистикалық шешім, практикалық қолданылымы, жасампаздығы, әлеуметтік маңыздылығы,  видеоматериалдардың сапасы.

5. Байқау қатысушыларын марапаттау

10.Байқаужұмыстары байқау өлшемдеріне сәйкес 10 баллдық жүйемен қазылар алқасы бағалайды. Қазылардың шешімдері хаттамада толтырылады.

11. Жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады. Байқауға қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

1-қосымша

«Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауына қатысуға

ӨТІНІМ

 

р/н

Қатысушының тегі, аты, жөні
(толық)

Күні, айы, туған жылы

Номинациясы/жұмыс атауы

Білім беру ұйымы, сыныбы

Жетекшісінің тегі, аты, жөні (толық), байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

2-қосымша

 

Жұмысқа аңдатпа

 

Ұйым__________________________________________________________________

Номинацияның аталуы________________________________________________

Ұсынылатын жұмыстың аталуы ________________________________________

Қатысушының тегі және аты ___________________________________________

Жетекшінің тегі, аты және әкесінің аты ___________________________________

Қысқаша сипаттама __________________________________________________

Негізгі сипаттамалар__________________________________________________

Жаңашылдығы_______________________________________________________  





7 қазан 2021

ХАБАРЛАНДЫРУ

     Ақтау қаласы бойынша  білім  бөлімі,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы  29  қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға  конкурс жариялайды (416 орын). Конкурсқа қатысушылар Ақтау...

6 қазан 2021

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

   Маңғыстау білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің...

5 қазан 2021

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ (АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІ)

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ (АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІ) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім...

10 тамыз 2021

КОНКУРС

КОНКУРС  Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің қосымша бiлiм беру ұйымының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: 3-шағынаудандағы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы орталығы» коммуналдық мемлекеттік...

19 шілде 2021

КОНКУРС

КОНКУРС Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты  мектепке дейінгі ұйымдарының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 9-шағынаудандағы «№ 29 балабақша», 27-шағынаудандағы «№ 44 «Шаттық» бөбекжайы» және...

17 мамыр 2021

Құрметті Маңғыстаулықтар, мұғалімдер, ата-аналар !

Құрметті Маңғыстаулықтар, мұғалімдер, ата-аналар ! Мектептерде, балабақшаларда бастауышпен қоштасуға , мектеп бітіру кештеріне сонымен қатар жөндеу жұмыстарына ақша жинау және мұғалімдерге сыйлық беру заңсыз болып табылады. Егерде білім беру ұйымдарында ақша жинау...

11 ақпан 2021

Конкурс

...

6 қараша 2020

КОНКУРС

КОНКУРС Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: 28-шағынаудандағы «№57 «Ақбота» бөбекжай» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Балабақша директоры директоры (А1-3-1)  Біліктілікке...

6 қараша 2020

КОНКУРС

КОНКУРС  Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты келесі жалпы білім беру ұйымының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: 14-шағынауданда орналасқан Ақтау қалалық әкімдігі, Ақтау қалалық білім бөлімінің «№1 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық...

15 қазан 2020

Жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға конкурс

Ақтау қалалық білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға конкурс жариялайды (100 орын) Конкурсқа қатысушылар Ақтау қалалық білім...

12 тамыз 2020

Мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, қала тұрғындары назарына!

Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, қала тұрғындары! Маңғыстау облысының әкімдігінің 2020-2021 оқу жылдарына арналған жергілікті бюджет есебінен конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындайтындығын хабарлайды. Конкурс екі кезеңде...

14 сәуір 2020

Ата-аналар назарына!

...

12 сәуір 2020

13-сәуірден бастап «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы 1-6 сынып оқушыларына бейнесабақтар көрсететін болады.

13-сәуірден бастап «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы 1-6 сынып оқушыларына бейнесабақтар көрсететін болады.https://t.me/qazaqstantv/3469  ...

16 наурыз 2020

Конкурс

Жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға конкурс Ақтау қалалық білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға...

5 наурыз 2020

Құрметті ата – аналар мен балалар!

Құрметті ата – аналар мен балалар! Егер Сізге кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқық бұзушылық, зорлық – зомбылық немесе қатыгездік қарым – қатынас, педагогтердің әдепке жатпайтын мінез – құлықтары туралы белгілі болса, ақпаратты «BALA QORGAU» чатына...

24 ақпан 2020

Құрметті, қала тұрғындары! Қаламызда 25 жалпы орта білім беретін мектеп бар

Құрметті, қала тұрғындары! Қаламызда 25 жалпы орта білім беретін мектеп бар. Оның 12-сі- қазақ тілінде, 2-уі- орыс тілінде, 11-і - аралас тілде білім беруде. Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, біздің балаларымыз. Бүгінгі таңда болашағымызға білім...

22 қаңтар 2020

Маңғыстау облысының білім басқармасы

Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облысында 2 мектептің асханасын сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жекеше әріптесін айқындау бойынша конкурс...

27 қараша 2019

Қамқоршылық кеңесіне қосымша тұлғаларды қабылдау бойынша хабарландыру!!

Қамқоршылық кеңесіне қосымша тұлғаларды қабылдау бойынша хабарландыру!!! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен Қамқоршылық кеңестің қағидаларына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларына сәйкес ( 2018 жылы 02 сәуіріндегі «Білім беру ұйымдарында...

6 қазан 2019

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары, ата – аналар!

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары, ата – аналар! Ақтау қалалық білім бөлімі азаматтардан келіп түскен өтініштеріне түсінік, кеңес беру және шұғыл әрекет ету мақсатында тұрақты жұмыс істейтін CALL - орталық ашылғанын хабарлайды. CALL - орталық телефоны: 8 (7292)336557,...

14 ақпан 2019

Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының хаттамасы

...

8 ақпан 2019

Жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға конкурс жариялайды

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!  Ақтау қалалық білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға конкурс жариялайды (300 орын) Конкурсқа қатысушылар Ақтау...

24 қаңтар 2019

Қалалық білім бөлімі орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды

Ақтау қалалық білім бөлімі, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» жәнеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық...

18 қараша 2018

Қалалық білім бөлімі бос тұрған директор лауазымына конкурс жариялайды

    Ақтау қалалық білім бөлімі 14 шағын ауданда орналасқан «№ 1 жалпы білім беру орта мектебі», 1 шағын ауданда орналасқан «№ 3 жалпы білім беру орта мектебі», 6 шағынауданда орналасқан «№6 жалпы білім беру орта мектебі» 5 шағын ауданда орналасқан "Н.Марабаев атындағы №7...

29 қазан 2018

Қалалық білім бөлімі бос тұрған директор лауазымына конкурс жариялайды

КОНКУРС          Ақтау қалалық білім бөлімі 5 шағын ауданда орналасқан "Н. Марабаев атындағы №7 мектеп лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  бос тұрған директор лауазымына конкурс жариялайды         ...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері