Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

«Мағжан оқулары» сайысы

Ақтау қаласының «№9 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 17 сәуірі күні сағат 09.30-ға «Мағжан оқулары» сайысы  өткізілу  жоспарланып  отыр.

Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Мағжан  Жұмабаев  шығармаларын  насихаттау  арқылы  тіл  мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті жандандыру, дарынды балаларды анықтау, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету.

Байқаудың шарты:

• Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 5 -10 сыныптар аралығындағы оқушылары  қатыса  алады. Әр бөлімге 1 оқушыдан.

Сайыс  үш  номинациядан  өтеді:

Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін қазылар алқасына ұсынуы қажет (ақынның шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).

«Толқынмен толқын сырласып...» - шығармашылық жұмыс. Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары. Зерттеу жобасының құрылымына сай зерттеуге ұсынылатын өлеңдердің біреуін таңдап, сол өлеңге зерттеу жүргізеді. Қорғау слайд, баннер түрінде. Қорғау уақыты 7 минуттан аспауы тиіс (Қосымша 1.).

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар конкурсы. Үш кезеңде жүзеге асады. 1 кезең: Өз шығармаларын орындау. Қатысушы өз шығармаларының жинағын қазылар алқасына алдын ала тапсыруы тиіс. 2 кезең: Қатысушылар ақынға арнаған өз шығармаларын орындайды. 3 кезең: Қосымша берілген тақырыпқа 4 жол өлең жолдарын жазу.

Мағжан оқуларының «Толқынмен толқын сырласып...» атты

бағытына қойылатын талаптар.

Мақсаты: Мағжан рухымен сырласа отырып, шығармашыл жастар ақынның  рухани мұрасының қазіргі заман жастары  үшін маңыздылығын өздеріне  жаңалық ретінде  ашады.

Зерттеу аспектілері:

  1. Поэзиялық туындыда танылатын жалпыадамзаттық және ұлттық рухани құндылықтар;
  2. Бүгінгі  күн проблемасымен үндестігі;
  3. Ақынның тілдік шеберлігі;
  4. Суреткерлік шеберлігі;
  5. Ақын поэзиясындағы символдық бейнелер т.б.

Зерттеуге ұсынылатын өлеңдер:

«Мен жастарға сенемін»
«Шолпы»
«Жел»
«Пайғамбар»
«Толқын»
«Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін»
«Түркістан»

Зерттеу жобасының құрылымы:

Зерттеудің 

а) тақырыбы
ә) проблемасы
б) проблеманы шешудің болжамы
в)  пәні мен нысанасы
г) мақсат, міндеттері
д) әдіс-тәсілдері
е) ақпарат көзіне талдау
ж) оны шешудің жолдары
з) алынған нәтижені талқылау, қорытындылау

Зерттеу жобасына қойылатын талаптар:

- Ғалымдардың тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектерін «ұрлауға» болмайды, цитата түрінде қолдануға ғана болады;

- Талдаулар бүгінгі күнгі жастардың танымы тұрғысынан ерекшеленуі керек;

- Проблеманы шешуде автордың өзіндік  көзқарасы танылуы керек;

- Автордың Мағжан шығармашылығының бүгінгі күн үшін маңызын аша білуі.

- Жұмыс 7 минуттан аспауы тиіс.

  

">





28 қазан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке...

28 қазан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

 Хабарландыру   Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі...

20 қазан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Маңғыстау білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау...

20 қазан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Маңғыстау білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік...

3 қазан 2022

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Маңғыстау облыстық білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан ...

23 қыркүйек 2022

АНОНС

      Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.        ...

7 қыркүйек 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

  ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Маңғыстау облыстық білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру  және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»...

6 қыркүйек 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

     Маңғыстау облысының меншік түріне қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтарын өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан ерекше еңбектері үшін көтермелеу мақсатында марапаттау үшін конкурс жарияланады.     Конкурс жеңімпаздарына «Маңғыстау облысының білім...

31 тамыз 2022

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ № 6

...

19 тамыз 2022

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының алдын-ала қарау ХАТТАМАСЫ № 5

...

18 тамыз 2022

ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗУ

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолже тімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес мемлекеттік қызметтер мәселелері...

13 тамыз 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 31 а шағын ауданда орналасқан «№30 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша іріктеу

...

1 тамыз 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

  ХАБАРЛАНДЫРУ!!!     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі  білімі...

17 мамыр 2022

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ №4

...

29 сәуір 2022

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының алдын-ала қарау ХАТТАМАСЫ №3

...

7 сәуір 2022

Конкурс

ХАБАРЛАНДЫРУ Ақтау қалалық  білім  бөлімі,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы  29  қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға  конкурс жариялайды (90 орын). Конкурсқа қатысушылар...

31 наурыз 2022

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының қорытынды

...

25 наурыз 2022

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының алдын-ала қарау ХАТТАМАСЫ № 1

...

22 қараша 2021

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Маңғыстау білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары»...

11 қараша 2021

КОНКУРС

КОНКУРС  Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты  жалпы білім беретін мектеп ұйымдарының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің    3-шағынаудандағы «№ 2 жалпы білім...

8 қараша 2021

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының рұқсат беру ХАТТАМАСЫ № 2

...

28 қазан 2021

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының алдын-ала қарау ХАТТАМАСЫ № 1

...

14 қазан 2021

КОНКУРС

КОНКУРС Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты  мектепке дейінгі ұйымдарының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 9-шағынаудандағы «№ 29 балабақша», 11-шағынаудандағы «№28 «Балдәурен»  бөбекжайы»...

14 қазан 2021

КОНКУРС

КОНКУРС Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты  жалпы білім беретін мектеп ұйымдарының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 1-шағынаудандағы «№ 3 жалпы...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері