Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

КОНКУРС

КОНКУРС

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты  мектепке дейінгі ұйымдарының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 9-шағынаудандағы «№ 29 балабақша», 11-шағынаудандағы «№28 «Балдәурен»  бөбекжайы» 27-шағынаудандағы «№ 44 «Шаттық» бөбекжайы» және 28-шағынаудандағы «№57 «Ақбота»  бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпордарына.

Балабақша  директоры (А1-3-1)

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі  педагогикалық жұмыс өтілі 5 жыл, оның ішінде соңғы екі жылы мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы, педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 5 жысдан кем емес жоғарғы оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің» орталықтардың). Біліктілік арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады.

Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады.

Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді.

Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді.

Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.

Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.

Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.

Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.

  Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.

Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;

педагогика мен психология негіздерін;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін,

еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Лауазымдық жалақысы 150380,3 теңгеден теңгеден бастап қызмет істеген жылдарына қарай.
Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап тапсырады:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

15). 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурс өткізу орны: Ақтау қаласы, 4-ш/а, №8/3, 2 қабат, 1-кабинеті,  тел: 8 (7292) 33-65-54

 





7 қараша 2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

...

24 қазан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

...

26 қыркүйек 2023

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдың-алу мақсатында 2023-2024 жылына арналған жұмыс жоспары

...

8 қыркүйек 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! 2023-2024 оқу жылындағы Маңғыстау облысының меншік түріне қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтарын өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан ерекше еңбектері үшін көтермелеу мақсатында конкурс жарияланады. Конкурс жеңімпаздарына «Маңғыстау...

8 қыркүйек 2023

“ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ” атты онкүндік шаралары ұйымдастырылады.

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Білім беру ұйымдарында 7-17 қыркүйек аралығында “ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ” атты онкүндік шаралары ұйымдастырылады.  ...

8 қыркүйек 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік...

6 қыркүйек 2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Білім беру ұйымдарында 7-17 қыркүйек аралығында “ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ” атты онкүндік шаралары ұйымдастырылады.  ...

25 тамыз 2023

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының хаттамасы

...

7 тамыз 2023

Қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссиясының ХАТТАМАСЫ №1

...

17 шілде 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,...

13 шілде 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік...

6 маусым 2023

Суда қауіпсіздік ережелері

Суда қауіпсіздік ережелері ШОМЫЛҒАНДА СУДА НЕНІ ЖАСАМАУ КЕРЕК: • Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз! • Тыйым салынған жерде шомылмаңыз! • Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз! • Шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз! • Суда...

6 маусым 2023

Құрметті, қала тұрғындары және ата- аналар!

Құрметті, қала тұрғындары және ата- аналар! Балаларды ойын алаңдарында үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыздар. Жолда сақ болыңыздар! Балалардың өмірі біз үшін қымбат!  https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1911219039277184&id=100011673206719   ...

5 маусым 2023

Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын...

2 маусым 2023

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

...

2 маусым 2023

Ата-аналар мен мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына!

Ата-аналар мен мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына! Маңғыстау облысының білім басқармасы білім саласына қатысты барлық сұрақтар бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларына мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болатынын хабарлайды.  ...

2 маусым 2023

Құрметті ата-аналар және қала тұрғындары !

Құрметті ата-аналар және қала тұрғындары ! Бүгін, 02.06.2023 жылы күнінен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы босаған орындарға жолдама алу «Indigo kz.24» порталы арқылы жариялануда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы...

13 сәуір 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

     Құрметті, облыс педагогтері!     Педагогтердің тестілеуді тапсыру үшін 2023 жылғы 15-16 сәуір және 22-25 сәуірді қоса алғанда қосымша күндер ашылатынын хабарлаймыз.     Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83...

16 қаңтар 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті қала тұрғындары! Ауа райының жылынуына байланысты 2023 жылғы 17 қаңтардан бастап қаланың барлық білім беру ұйымдарының оқушылары дәстүрлі форматта (оффлайн) оқуды жалғастырады. Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланады. Ақтау қаласы бойынша білім...

15 қаңтар 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 16-17 қаңтар күндері қаланың барлық білім беру ұйымдарының оқушылары онлайн форматында оқитын болады. Ақтау қаласындағы облыстық мамандандырылған интернаттық мекемелердің оқушылары...

21 желтоқсан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті қала тұрғындары және ата-аналар! Білім беру ұйымдарында Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шараларды ағымдағы жылғы 27-29 желтоқсан аралығында тек балабақша және мектеп қабырғасында ғана өткізілуі қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу...

7 желтоқсан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

 ХАБАРЛАНДЫРУ 07.12.2022 жыл Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі...

5 желтоқсан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

  ...

8 қараша 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

   Хабарландыру   Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері