Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

«Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауы

Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні «Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі 


«Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауын
өткізу ережелері

1. Жалпы ережелер 

1. «Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауын(бұдан әрі – Байқау) өткізу ережелері оның  мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

2. Байқау мақсаты: жасөспірімдер бойында тарихи құндылықтар негізінде отансүйгіштік, Отанын қорғауға деген құштарлығын ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

3. Байқау міндеттері:  

- білім алушылардың ізденушілік, ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыру;

- білім алушыларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;

- балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша біліммен қамтуды арттыруға жағдай жасау.

2. Байқауды ұйымдастыру уақыты мен орны 

4. Байқау 2018 жылғы 23 сәуірде  __________________________ өткізіледі.

Мектеп басшысының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2018 жылғы 20сәуірге дейін келесі мекенжай бойынша: kentanova@mail.ru электронды поштасына қабылданады, телефондары: 87089186978, 411168

2) жұмысқа аннотация (2-қосымша).

3. Байқау қатысушылары 

5. Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

6. Қатысатын топтың сандық құрамы - 5 адам: 4 білім алушы мен жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатарынан 1 топ жетекшісі. Қатысушылардың жасы – 13-15 жас. 

7Байқауды өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік аудандық, қалалық білім бөлімдері анықтаған топ жетекшісіне жүктеледі.

Байқауды өткізу орнына дейін жету кезінде, Байқауды өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезінде топтың әр қатысушысы заттарының сақталуына өздері жауапты.

4. Байқауды өткізу шарты және тәртібі 

8. Байқау үш кезеңнен өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік:

2) екінші кезең – аудандық, қалалық байқау;

3) үшінші кезең - облыстық байқау.

9Байқау төрт номинация бойынша өткізіледі:

1. «Жеңіс туын желбіреткендер!» бағытында - Ұлы Отан соғысына қатынасқан (әсіресе: Ленинград, Сталинград, Москва, Ржев, Курск т.б. қалаларды азат етуге қатысқандар), қаза тапқан, хабарсыз кеткен боздақтар, жау тылында,  партизан отрядтарында соғысқа қатысқандар туралы деректер жинақтау; ашық сабақтар, кездесу кеші, дөңгелек үстелдер өткізу; ескерткіштерді күту, абаттандыру; мектеп музейлерінде көрме ұйымдастыру,  музей қорын толықтыру; бейне баяндар түсіру арқылы іздеу-зерттеу жұмыстарының байқауы;

Бағалау өлшемдері: зерттелетін мәселелердің өзектілігі мен жаңашылдығы, жүргізілген зерттеулердің деңгейі мен көлемі, қойылған міндеттердің орындалу нәтижесі, жұмыстың практикалық маңызы, автордың қосар жеке үлесі, сөйлеу шеберлігі.

Жобаны қорғау уақыты - көрсететін материалды (макеттер, үлгілер, видео және т.б.) қолдануымен - 7 минут.

2. «Менің Отаным - Қазақстан!» патриоттық әндер байқауы.

Бағалау өлшемдері: сахналық мәдениет, вокалдық қабілеттер, орындау шеберлігі, аудиториямен байланыс, орындаудың мәнерлілігі және эмоционалдығы.

3. «Соғыстың үшбу хаттары» (Ұлы Отан соғыс кезінде жазылған хаттарды, майданда қаза тапқандарға келген «қара қағаз», жәдігерлерді іздестіру, жинақтау жұмыстарын жүргізу, тапсыру)

4.«Батырлық мектебі!» бейнеролик байқауы. Қорғау уақыты –  5 минут.

Қойылатын талаптар: видеоөнім сандық тасымалдағыштарда, электронды файлдар mpeg-4, avi, mkv форматында ұсынылуы тиіс.

Бағалау өлшемдері: стилистикалық шешім, практикалық қолданылымы, жасампаздығы, әлеуметтік маңыздылығы,  видеоматериалдардың сапасы.

5. Байқау қатысушыларын марапаттау

10.Байқаужұмыстары байқау өлшемдеріне сәйкес 10 баллдық жүйемен қазылар алқасы бағалайды. Қазылардың шешімдері хаттамада толтырылады.

11. Жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады. Байқауға қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

1-қосымша

«Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауына қатысуға

ӨТІНІМ

 

р/н

Қатысушының тегі, аты, жөні
(толық)

Күні, айы, туған жылы

Номинациясы/жұмыс атауы

Білім беру ұйымы, сыныбы

Жетекшісінің тегі, аты, жөні (толық), байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

2-қосымша

 

Жұмысқа аңдатпа

 

Ұйым__________________________________________________________________

Номинацияның аталуы________________________________________________

Ұсынылатын жұмыстың аталуы ________________________________________

Қатысушының тегі және аты ___________________________________________

Жетекшінің тегі, аты және әкесінің аты ___________________________________

Қысқаша сипаттама __________________________________________________

Негізгі сипаттамалар__________________________________________________

Жаңашылдығы_______________________________________________________  





7 қараша 2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

...

24 қазан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

...

26 қыркүйек 2023

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдың-алу мақсатында 2023-2024 жылына арналған жұмыс жоспары

...

8 қыркүйек 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! 2023-2024 оқу жылындағы Маңғыстау облысының меншік түріне қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтарын өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан ерекше еңбектері үшін көтермелеу мақсатында конкурс жарияланады. Конкурс жеңімпаздарына «Маңғыстау...

8 қыркүйек 2023

“ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ” атты онкүндік шаралары ұйымдастырылады.

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Білім беру ұйымдарында 7-17 қыркүйек аралығында “ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ” атты онкүндік шаралары ұйымдастырылады.  ...

8 қыркүйек 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік...

6 қыркүйек 2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Білім беру ұйымдарында 7-17 қыркүйек аралығында “ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ” атты онкүндік шаралары ұйымдастырылады.  ...

25 тамыз 2023

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының хаттамасы

...

7 тамыз 2023

Қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссиясының ХАТТАМАСЫ №1

...

17 шілде 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,...

13 шілде 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік...

6 маусым 2023

Суда қауіпсіздік ережелері

Суда қауіпсіздік ережелері ШОМЫЛҒАНДА СУДА НЕНІ ЖАСАМАУ КЕРЕК: • Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз! • Тыйым салынған жерде шомылмаңыз! • Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз! • Шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз! • Суда...

6 маусым 2023

Құрметті, қала тұрғындары және ата- аналар!

Құрметті, қала тұрғындары және ата- аналар! Балаларды ойын алаңдарында үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыздар. Жолда сақ болыңыздар! Балалардың өмірі біз үшін қымбат!  https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1911219039277184&id=100011673206719   ...

5 маусым 2023

Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын...

2 маусым 2023

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

...

2 маусым 2023

Ата-аналар мен мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына!

Ата-аналар мен мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына! Маңғыстау облысының білім басқармасы білім саласына қатысты барлық сұрақтар бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларына мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болатынын хабарлайды.  ...

2 маусым 2023

Құрметті ата-аналар және қала тұрғындары !

Құрметті ата-аналар және қала тұрғындары ! Бүгін, 02.06.2023 жылы күнінен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы босаған орындарға жолдама алу «Indigo kz.24» порталы арқылы жариялануда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы...

13 сәуір 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

     Құрметті, облыс педагогтері!     Педагогтердің тестілеуді тапсыру үшін 2023 жылғы 15-16 сәуір және 22-25 сәуірді қоса алғанда қосымша күндер ашылатынын хабарлаймыз.     Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83...

16 қаңтар 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті қала тұрғындары! Ауа райының жылынуына байланысты 2023 жылғы 17 қаңтардан бастап қаланың барлық білім беру ұйымдарының оқушылары дәстүрлі форматта (оффлайн) оқуды жалғастырады. Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланады. Ақтау қаласы бойынша білім...

15 қаңтар 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 16-17 қаңтар күндері қаланың барлық білім беру ұйымдарының оқушылары онлайн форматында оқитын болады. Ақтау қаласындағы облыстық мамандандырылған интернаттық мекемелердің оқушылары...

21 желтоқсан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті қала тұрғындары және ата-аналар! Білім беру ұйымдарында Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шараларды ағымдағы жылғы 27-29 желтоқсан аралығында тек балабақша және мектеп қабырғасында ғана өткізілуі қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу...

7 желтоқсан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

 ХАБАРЛАНДЫРУ 07.12.2022 жыл Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі...

5 желтоқсан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

  ...

8 қараша 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

   Хабарландыру   Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері