Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

«Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысы

Ағымдағы жылдың 26-27 сәуір күндері  «Отан қорғаушы - 2018»  қалалық әскери қолданбалы сайысы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі 

«Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысын өткізу ережесі

1. Мақсаттары мен міндеттері

«Отан қорғаушы-2018» әскери-қолданбалы жарысы 13-16 жастағы оқушылар арасында өткізіледі. Мақсаттары мен міндеттері: әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандыру және жетілдіру, оқушылардың елжандылық сезімдерін қалыптастыру, қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау.                                                     

2. Өткізу мерзімі және орны

1.«Отан қорғаушы-2018» әскери-қолданбалы жарысының өткізілу мерзімі және орны: 26-27 сәуір 2017 жылы Ақтау қаласында №4 гимназиясында өтеді.

2.2018 жылдан 23-ші сәуірге дейін сайысқа қатысатын оқушылардың сұранысы КММ «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығына» түсірілсін.   

3. Қатысушылар

Команда құрамы 6 (ұлдар) оқушы, 1 жетекші,1 төреші және команда өкілі. Жарысқа қатысушылар өздерімен бірге мынадай құжаттар әкелу керек: туу туралы куәлік (түп нұсқасы), әрбір оқушы туралы мәліметтер көрсетілген (аты-жөні, туған жылы, мектебі, сыныбы, медициналық мекеменің және мектептің дәрігері куәландырған жарысқа қатысуға берілген рұқсат қағаз) сұраныс.

4. Өткізу тәртібі және жабдықтары

            1.«Отан қорғаушы-2018» әскери қолданбалы жарыс түрлері бойынша өтеді:

            2. Командалардың саптық байқауы.

            3.Спорттың әскери-қолданбалы түрі бойынша командалық жарысы: 

-АК-74 автоматын толық емес бөлшектеп жинау;

-Пневматикалық винтовкадан тіреусіз ату;

-Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

5. Жалпы дене дайындығы:

-турникке тартылу;

-жүрелеп отырып жоғарыға секіру;

-еденге қолын тіреп, жатып тартылу;

-арқасымен жатып денесін көтеру;

-отырған тіректен жатқан тірекке ауысу және керісінше.

6. Әр команданың төмендегідей өз белгілері болуы керек:

Тақтайша (қала, команданың аты жазылған). Көлемі:сабы-1м; ұзындығы-65см; ені-35см;

Киім үлгісі: 

а) ҚР Қарулы күштерінің киім үлгілеріне сәйкестенген  салтанатты әскери қызметкерлердің киім үлгілерін қайталамауы керек, (эмблема мен сол жеңінде клубтың ерекше белгісі бар); 

б) Жаттығу (спорттық) киімі: бас киімі, ҚР Қарулы күштерінің бас киімдері, әскери  қызметкерлердің бас киімдерін қайталамауы керек.

5. Марапаттау

«Отан қорғаушы-2017» әскери-қолданбалы сайысының қорытындысы бойынша командалық жүлделі орын анықталады.


 





5 наурыз 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының кеңес отырысы болады. Күн тәртібінде: Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарына жүргізілген зерделеу қорытындысы; ҰБТ-дің І кезеңінің қорытындысы және дайындық жұмыстары туралы; «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің құжаттарының талапқа сай ресімделуі туралы. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие бағытындағы жұмыстарды кешенді зерделеудің қорытындысы; «Сапалы білім - баршаға...

1 наурыз 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті ата-аналар! Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау науқаны басталады. Құжаттарды egov.kz веб-порталы арқылы қабылдау жүзеге асырылады. Осыған орай, қаламыздағы мектептерде “Өзіне-өзі қызмет көрсету” бұрыштары жасайтындығын хабараймыз. Қызмет көрсету бұрышын пайдалану үшін ЭЦП кілтіңізбен келу сұралады.  ...

21 ақпан 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығына (әрі-қарай-Қағида) сәйкес, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға...

2 ақпан 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді. Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен тамыздың 1-не дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау күнтізбелік ағымдағы жылдың сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығында өтеді. Тек демалыс...

29 қаңтар 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

КҮН САНЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚОСЫМША ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 7 КҮН ДЕМАЛАДЫ Еліміздің мектептерінде 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі.  ...

25 қаңтар 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Педагогтерді марапаттауға қатысты жаңсақ деректерді болдырмау мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Үкімет Қаулысына, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Көтермелеудің салалық жүйесін бекіту туралы" Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. Білім беру саласының педагогтері мен...

10 қаңтар 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Маңғыстау облыстық білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) негізінде білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңес құрамының мүшелігіне ұсыныстардың...

9 қаңтар 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Маңғыстау білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) негізінде білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңес құрамының мүшелігіне ұсыныстардың...

25 желтоқсан 2023

Мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша өткен комиссия отырысының №6 хаттамасы

...

15 желтоқсан 2023

Мектепке дейінгі ұйымдарга мемлекеттік білім беру тапсырысың орналастыру бойынша ѳткен комиссия отырысының №5 ХАТТАМАСЫ

...

13 желтоқсан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Синоптиктердің болжамы бойынша, 15 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында және шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Осыған байланысты, мектептер 15 желтоқсан күнгі сабақ қашықтықтан оқыту форматында жалғасады (онлайн). Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтетін...

13 желтоқсан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар!!! 14 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында шаңды дауыл сақталады. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Осыған байланысты, мектептер 14 желтоқсан күнгі сабақ қашықтықтан оқыту форматында жалғасады (онлайн). Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті...

12 желтоқсан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! 13 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, шығысында жолдарда көктайғақ сақталады. Облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында 20 градус қатты аяз күтіледі. Ақтау қ.: 13 желтоқсанда жолдарда көктайғақ сақталады. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Осыған байланысты, мектептер 13...

11 желтоқсан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Осыған байланысты, мектептерде 12 желтоқсан күнгі сабақ қашықтықтан оқыту форматында өтеді (онлайн). Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті штаттық режимде жұмыс жасайды. Өзгерістер қосымша хабарланатын болады. ...

10 желтоқсан 2023

Маңызды ақпарат

Құрметті ата-аналар!Ауа-райының қолайсыздығына байланысты (түнде көктайғақ күтілуіне орай) ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні білім беру ұйымдарындағы сабақтар қашықтан оқыту (онлайн) форматында болатындығын хабарлаймыз. Оқыту дәстүрлі форматына өту ауа райының жағдайына қарай реттеледі. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі.  ...

8 желтоқсан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын ( Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 бұйрығын) негізге ала отырып, бос лауазымдық орындарға қажетті мамандарға конкурс жариялайды: Математика 1 штаттық бірлік (16 сағат) 1 маман...

4 желтоқсан 2023

Қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның ХАТТАМАСЫ №2

...

22 қараша 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті ата-аналар! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты білім беру ұйымдарында ертең 23 қараша күнгі сабақтар қашықтан оқыту (онлайн) форматында болатындығын хабарлаймыз. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі  ...

22 қараша 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті ата-аналар! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты білім беру ұйымдарындағы 22 қараша күнгі II ауысым сабақтары қашықтан оқыту (онлайн) форматында болатындығын хабарлаймыз. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі.  ...

22 қараша 2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Құрметті ата-аналар, оқушылар!!! Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін түске дейінгі І кезеңдегі сабақтар онлайн өтетіндігін хабарлаймыз! ІІ кезеңдегі сабақтардың өтілуі туралы қосымша хабарлайтын боламыз. Сынып жетекшілермен байланыста болуларыңызды сұраймыз!  ...

17 қараша 2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

...

7 қараша 2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

...

7 қараша 2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

...

24 қазан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері