Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

«Мағжан оқулары» сайысы

Ақтау қаласының «№9 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 17 сәуірі күні сағат 09.30-ға «Мағжан оқулары» сайысы  өткізілу  жоспарланып  отыр.

Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Мағжан  Жұмабаев  шығармаларын  насихаттау  арқылы  тіл  мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті жандандыру, дарынды балаларды анықтау, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету.

Байқаудың шарты:

• Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 5 -10 сыныптар аралығындағы оқушылары  қатыса  алады. Әр бөлімге 1 оқушыдан.

Сайыс  үш  номинациядан  өтеді:

Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін қазылар алқасына ұсынуы қажет (ақынның шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).

«Толқынмен толқын сырласып...» - шығармашылық жұмыс. Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары. Зерттеу жобасының құрылымына сай зерттеуге ұсынылатын өлеңдердің біреуін таңдап, сол өлеңге зерттеу жүргізеді. Қорғау слайд, баннер түрінде. Қорғау уақыты 7 минуттан аспауы тиіс (Қосымша 1.).

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар конкурсы. Үш кезеңде жүзеге асады. 1 кезең: Өз шығармаларын орындау. Қатысушы өз шығармаларының жинағын қазылар алқасына алдын ала тапсыруы тиіс. 2 кезең: Қатысушылар ақынға арнаған өз шығармаларын орындайды. 3 кезең: Қосымша берілген тақырыпқа 4 жол өлең жолдарын жазу.

Мағжан оқуларының «Толқынмен толқын сырласып...» атты

бағытына қойылатын талаптар.

Мақсаты: Мағжан рухымен сырласа отырып, шығармашыл жастар ақынның  рухани мұрасының қазіргі заман жастары  үшін маңыздылығын өздеріне  жаңалық ретінде  ашады.

Зерттеу аспектілері:

  1. Поэзиялық туындыда танылатын жалпыадамзаттық және ұлттық рухани құндылықтар;
  2. Бүгінгі  күн проблемасымен үндестігі;
  3. Ақынның тілдік шеберлігі;
  4. Суреткерлік шеберлігі;
  5. Ақын поэзиясындағы символдық бейнелер т.б.

Зерттеуге ұсынылатын өлеңдер:

«Мен жастарға сенемін»
«Шолпы»
«Жел»
«Пайғамбар»
«Толқын»
«Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін»
«Түркістан»

Зерттеу жобасының құрылымы:

Зерттеудің 

а) тақырыбы
ә) проблемасы
б) проблеманы шешудің болжамы
в)  пәні мен нысанасы
г) мақсат, міндеттері
д) әдіс-тәсілдері
е) ақпарат көзіне талдау
ж) оны шешудің жолдары
з) алынған нәтижені талқылау, қорытындылау

Зерттеу жобасына қойылатын талаптар:

- Ғалымдардың тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектерін «ұрлауға» болмайды, цитата түрінде қолдануға ғана болады;

- Талдаулар бүгінгі күнгі жастардың танымы тұрғысынан ерекшеленуі керек;

- Проблеманы шешуде автордың өзіндік  көзқарасы танылуы керек;

- Автордың Мағжан шығармашылығының бүгінгі күн үшін маңызын аша білуі.

- Жұмыс 7 минуттан аспауы тиіс.

  

">





19 наурыз 2024

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қатысты сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс телефондарына хабарласуға болатынын қаперлеріңізге береміз!  ...

19 наурыз 2024

CALL-ОРТАЛЫҚ

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қатысты сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс телефондарына хабарласуға болатынын қаперлеріңізге береміз!  ...

5 наурыз 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының кеңес отырысы болады. Күн тәртібінде: Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарына жүргізілген зерделеу қорытындысы; ҰБТ-дің І кезеңінің қорытындысы және дайындық...

1 наурыз 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті ата-аналар! Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау науқаны басталады. Құжаттарды egov.kz веб-порталы арқылы қабылдау жүзеге асырылады. Осыған орай, қаламыздағы мектептерде “Өзіне-өзі қызмет көрсету” бұрыштары...

21 ақпан 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және...

2 ақпан 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді. Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен ...

29 қаңтар 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

КҮН САНЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚОСЫМША ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 7 КҮН ДЕМАЛАДЫ Еліміздің мектептерінде 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша...

25 қаңтар 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Педагогтерді марапаттауға қатысты жаңсақ деректерді болдырмау мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Үкімет...

10 қаңтар 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Маңғыстау облыстық білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің...

9 қаңтар 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Маңғыстау білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік...

25 желтоқсан 2023

Мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша өткен комиссия отырысының №6 хаттамасы

...

15 желтоқсан 2023

Мектепке дейінгі ұйымдарга мемлекеттік білім беру тапсырысың орналастыру бойынша ѳткен комиссия отырысының №5 ХАТТАМАСЫ

...

13 желтоқсан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Синоптиктердің болжамы бойынша, 15 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында және шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Осыған байланысты,...

13 желтоқсан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар!!! 14 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында шаңды дауыл сақталады. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында...

12 желтоқсан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! 13 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, шығысында жолдарда көктайғақ сақталады. Облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с...

11 желтоқсан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с...

10 желтоқсан 2023

Маңызды ақпарат

Құрметті ата-аналар!Ауа-райының қолайсыздығына байланысты (түнде көктайғақ күтілуіне орай) ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні білім беру ұйымдарындағы сабақтар қашықтан оқыту (онлайн) форматында болатындығын хабарлаймыз. Оқыту дәстүрлі форматына өту ауа райының...

8 желтоқсан 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын ( Ескерту. Қағидалар...

4 желтоқсан 2023

Қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның ХАТТАМАСЫ №2

...

22 қараша 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті ата-аналар! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты білім беру ұйымдарында ертең 23 қараша күнгі сабақтар қашықтан оқыту (онлайн) форматында болатындығын хабарлаймыз. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі  ...

22 қараша 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті ата-аналар! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты білім беру ұйымдарындағы 22 қараша күнгі II ауысым сабақтары қашықтан оқыту (онлайн) форматында болатындығын хабарлаймыз. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі.  ...

22 қараша 2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Құрметті ата-аналар, оқушылар!!! Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін түске дейінгі І кезеңдегі сабақтар онлайн өтетіндігін хабарлаймыз! ІІ кезеңдегі сабақтардың өтілуі туралы қосымша хабарлайтын боламыз. Сынып жетекшілермен байланыста болуларыңызды...

17 қараша 2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

...

7 қараша 2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері