Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

КОНКУРС

КОНКУРС

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты  жалпы білім беретін мектеп ұйымдарының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 1-шағынаудандағы «№ 3 жалпы білім беретін мектеп», 12-шағынаудандағы   «№ 13 Гимназия», 29-шағынаудандағы «№ 28 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне

Мектеп  директоры (А1-3)

    Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.

Педагогикалық кеңесті басқарады.

Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.

Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.

Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.

Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.

Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;

педагогика мен психология негіздерін;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін,

еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Лауазымдық жалақысы 157972,3 теңгеден теңгеден бастап қызмет істеген жылдарына қарай.
Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап тапсырады:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

15). 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурс өткізу орны: Ақтау қаласы, 4-ш/а, №8/3, 2 қабат, 1-кабинеті,  тел: 8 (7292) 33-65-54

 





25 шілде 2024

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының қорытынды ХАТТАМАСЫ №2

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурстан өткен 12 жекеменшік балабақша (1033 орын) тамыз айынан бастап «Indigo» электрондық сайты арқылы бүлдіршіндерді қабылдауды бастайды.  ...

3 шілде 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік...

17 маусым 2024

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    2024 жылғы 01 шілдеден бастап Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.  ...

8 маусым 2024

Құрметті ата-ана!

Кезекті оқу жылы, мемлекеттік емтихандар аяқталды. Әлпештеген перзенттеріңіз енді сіздердің көз алдарыңызда болады. Бала – әрқайсымыздың өміріміздегі ең қымбат байлығымыз. Сіз бен біз үшін ең бастысы - балалардың амандығы мен қауіпсіздігі. Білім беру...

31 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

...

22 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ата-аналар назарына! 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай, 24 мамыр күні сағат 9.00-де 1-10 сынып оқушылары үшін “Білімім – Отаныма!” тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтетінін хабарлаймыз. Тәрбие сағатында сынып жетекшілері білім алушылармен бірге...

21 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ҚҰРМЕТТІ АТА- АНАЛАР! Egov Mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы ақпарат» атты жаңа цифрлық құжатын іске қосылғанын хабарлаймыз! Енді, баланың балабақшада, мектепте немесе колледжде оқитынын растайтын құжатты ОНЛАЙН түрде алуға болады. Барлық ақпарат Egov Mobile...

13 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Білім беру грантының мамандықтар тізбесі анықталды. 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджеттен 175 білім беру грантына қаржы бөлінді. А.ж. 3 мамыр күні 2024-2025 оқу жылына жоғары білім алу үшін мамандықтар мен мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемін анықтау мақсатында облыс...

13 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

...

13 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Маңғыстау облысының талапкерлері! Сіздер үшін 13-14 мамырда Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған қазақстандық жоғары оқу орындарының ауқымды көрмесі өтеді. Көрмеге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ,...

5 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Маңғыстауда «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істеуге өтінім 15 мамырда басталады Өңірімізде «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істеуге өтінім беру 15 мамырда басталады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. «Жасыл ел» еңбек жасағы аясында жастар қоршаған...

2 мамыр 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Алаяқтар Қазақстанның оқу-ағарту министрінің атынан хабарлама таратуда WhatsApp және Telegram қосымшаларында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан хабарламалар таратылуда. Шын мәнінде, бұл жалған аккаунттар, олармен байланыс орнатып,...

27 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Биылғы оқу жылының...

13 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті жылыойлықтар! Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге кеңес беру жөніндегі жедел желі іске қосылды. Толық ақпарат алу үшін: +7 700 245 93 29 +7 775 711 83 54 +7 775 361 14 38  ...

10 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Қашықтықтан оқытуға тағайындалған қазақ тілді сыныптар үшін жетекшілердің байланыс нөмірлері Қашықтықтан оқытуға тағайындалған орыс тілді сыныптар үшін жетекшілердің байланыс нөмірлері  ...

8 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ақтауда эвакуациялық пункттер су тасқынына байланысты эвакуацияланған азаматтарды қабылдауға дайын Ақтаудағы 11 эвакуациялық пункт су тасқынына байланысты эвакуацияланған азаматтарды қабылдауға дайын. Бұл эвакуациялық пункттерде 895 орын бар. Әрбір эвакуациялық...

5 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізіледі. Ата-аналар балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Ал лицейлер мен гимназияларға балалар емтихансыз қабылданады. Сонымен қатар мектептен...

4 сәуір 2024

Білім беру ұйымдарының педагогтері еңбек демалысы туралы не білу қажет?

...

4 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Қайырлы күн, жерлестер, әріптестер! Әлеуметтік желіде, чаттарда әр түрлі жалған ақпарат таратушылар көбейіп кеткені белгілі. Мысалы, ұялы телефонның тарифтік марафондары, педагогтердің біліктілік тестісіне 3 күндік тегін дайындау сілтемелері, балаларды балабақша...

3 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Бүгінгі таңда, 2024 жылға арналған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөнінде Маңғыстау облыстық әкімдігінің  қаулысы  рәсімделген кезде  Конкурсқа құжат қабылдау қайтадан жүргізілетіндігі қаперіңізге...

3 сәуір 2024

Мектептерінде төртінші тоқсан басталды

Мектептердегі төртінші тоқсан 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ, 25 мамырда қорытындылар шығарылып, оқу жылы аяқталады.  ...

2 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қатысты сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс телефондарына хабарласуға болатынын қаперлеріңізге береміз!  ...

2 сәуір 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті, болашақ 1-ші сынып оқушыларының ата-аналары! 1-ші сыныпқа қабылдаудың негізгі шарты 052-2/у формасының болуы (баланың денсаулық паспорты) екенін хабарлаймыз! Егер емханада сізге бұрынғы 026 формасындағы анықтаманы берген болса, уайымдамаңыз! ЕҢ БАСТЫСЫ...

30 наурыз 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті ата-аналар! 01.04.2024 жылдан бастап 2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталатындығын хабарлаймыз! Өтінішті 1 сәуірден бастап www.egov.kz арқылы бере аласыз. Өтініш беру 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Қажетті құжаттар: 1. Ата-ананың өтініші (немесе...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері